21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жеті қабат көк

Дін және ғылым
Жарнама

  

Сұрақ: Құран Кәрім көптеген жерлерде аспан және аспандар туралы сөз етеді. Кей бауырларымыз осы аспандар өз алдына бір болмыс па, әлде жұлдыздар арасындағы кеңестік пе деген сұрақтар қояды...

 

Бұл сұрақ жиы қайталанады. Себебі кей адамдар «Бұл жеті аспан  қайда?» дейді. Астраномдар жұлдыздар арасындағы кеңестік, галактика, галактикалық тозаңдар мен газдар, метеорлар мен астероидтар туралы әңгімелейді. Ал енді аспандар туралы не айтуға болады?

Құран Кәрім жұлдыздар мен аспандардың бір емес екенін баяндайды. Алла Тағала Құранда:

وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَابِيحَ وَجَعَلْنَاهَا رُجُومًا لِلشَّيَاطِينِ وَأَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابَ السَّعِيرِ

«Расында Біз дүние аспанын шамдармен (жұлдыздармен) сәндедік. Оны шайтандарды ату үшін жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік» (Мүлк 5) дейді. Бұл аятта аспанның жұлдыздармен сәндендірілгені айтылуда. Яғни жұлдыздарды аспан деп түсінуге келмейді. Аспан өз алдына кемел бір ғимарат, себебі Құранда:

الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ فِرَاشًا وَالسَّمَاءَ بِنَاءً

«Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды ғимарат етіп жаратты» (Бақара 22) делінген. Және де бұл ғимарат қуатты да берік болып табылады. Бұны баяндаған Құран Кәрім:

وَبَنَيْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعًا شِدَادًا

«Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық» (Нәбә 12) деді. Ал галактика мен жұлдыздарға келсек олар бейне бір өте шебер, тығыз тоқылған мата іспеттес. Себебі Алла Тағала:

وَالسَّمَاءِ ذَاتِ الْحُبُكِ

«Хубукқа (тоқымаға) [1] ие аспанға серт» (Зарият 7) дейді.

Осы аяттардың сипаттарына қарап отырып аспанның галактика арасындағы бостық емес екенін айта аламыз. Сол сияқты аспан деген ғаламшар әлемі де емес. Алайда аспан деген жұлдыздар мен галактикалар оның ішінде жүзіп жүретін алып, әрі берік бір ғимарат іспеттес. Қазіргі ғұламалар да бұны мойындайды, әрі сенеді. Олардың айтуынша ғарыш әлемінің 96%-ы біздің көзімізге көрінбейтін Dark Matter, яғни қара материядан тұрады. Ол өте қуатты, әрі үлкен жарылыстан кейін газдар мен тозаңдардың нәтижесінде бірден пайда болған.

Алайда біз үлкен жарылыстың болмағанын айтамыз. Бұл дегендері Құранның мына аятындағы:

أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ

«Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер біртұтас болғанын, кейін оларды ажыратқанымызды, және де әр тірі нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?» (Әнбия 30) «біртұтас болу» мен «ажырау» мәселесі дейміз [2]. Алла Тағала барлық нәрсенің бір ғана жаратушысы бар екенін көрсетіп бүкіл әлемді бір бастаудан, бір нүктеден жаратқан. Кейін оны бір-бірінен ажыратып кеңейткен. Сөйтіп одан атомдар бөлініп ғарыштық тозаңдарды түзген. Олар кейінірек қоюланып Алла Тағаланың қалауымен көктер мен жерді құрған. Алла Тағала бұл туралы Құран Кәрімде:

ثُمَّ اسْتَوَى إِلَى السَّمَاءِ وَهِيَ دُخَانٌ فَقَالَ لَهَا وَلِلْأَرْضِ اِئْتِيَا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا قَالَتَا أَتَيْنَا طَائِعِينَ * فَقَضَاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ فِي يَوْمَيْنِ وَأَوْحَى فِي كُلِّ سَمَاءٍ أَمْرَهَا وَزَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَابِيحَ وَحِفْظًا ذَلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ

«Сосын көкке жөнелді. Ол, бір тозаң (түтін) еді. Сонда оған әрі жерге: “Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер” деді. Екеуі де: “Бой ұсынған түрде келдік” деді. Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті (дүние аспанын) жұлдыздармен әшекейледік әрі, қорғауға алдық. Осы тым үстем, толық білуші Алланың тағдыры» (Фуссилат 11-12) дейді.

Құран Кәрім аяттарының мағыналары өте терең. Осы аяттардың тұсында ұзақ ойға шомғаннан кейін Құран Кәрімнің бізге тікелей көкке емес, алайда көктің не нәрсені қамтитынына көз жүгіртуімізге бұйырып жатқанына көзім түсті. Алла Тағала Құран Кәрімде:

قُلِ انْظُرُوا مَاذَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا تُغْنِي الْآَيَاتُ وَالنُّذُرُ عَنْ قَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ

«(Мұхаммед:) «Қараңдар! Көктер мен жерде не бар?»,- де. Алайда сенбейтін қауымға дәлелдер де ескертулер де пайда бермейді» (Юнус 101) дейді. Ал енді адамдарға көктерге көз жүгіртуге шақырғанда оларға оның құрылымы мен қалай құрылғанына ден қоюға шақырады. Бұл тұста Алла Тағала:

أَفَلَمْ يَنْظُرُوا إِلَى السَّمَاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَزَيَّنَّاهَا وَمَا لَهَا مِنْ فُرُوجٍ

«Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасадық, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ» (Қаф 6) дейді.

Осы арада мынаны айта аламыз:

1–Аспан әлемді қоршап, әрі оны толтырып тұр, алайда біз оны көре алмаймыз. Біз тек оның қалай құрылғанын, Алла Тағала оны тартылыс заңдылығына бағындырғанын, және де сол заңдылық арқылы араларын қалай ажыратқанын ғана айта аламыз. Біздің көре алатынымыз тек қана аспан әлемін көркейтіп тұрған жұлдыздар мен галактикалар ғана.

2–Ғылым бір күні дами келе аспанды да көре алатын жағдайға жетерміз. Бұл сияқты болжамға тосқауыл болатын ешбір себеп жоқ. Не нәрсе болмасын тек құдіреті кемел болған бір Алланың ғана қалауымен болады. Алла Тағала адамдарға атмосфераның шеңберінен шығуға рұқсат еткеніндей бір күн келіп аспанды да өз болмысында көруімізге рұқсат етер. Алайда бұл күнге жетіп аспанның ақиқатын танысақ та, оның шеңберінен асып шығып кете алмасымызды да ұғынуымыз керек. Себебі Алла Тағала:

يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ إِنِ اسْتَطَعْتُمْ أَنْ تَنْفُذُوا مِنْ أَقْطَارِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ فَانْفُذُوا لَا تَنْفُذُونَ إِلَّا بِسُلْطَانٍ

 «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. (Алланың) қалауынсыз өте алмайсыңдар!» [3] (Рахман 33) деп нақты айтқан.

3–Жаратылыс ілімдеріне қатысты ғалымдардың ашқан жаңалықтары Құранға еш қайшы келмейді. Құрандағы барша аяттар заманауи ғылыми жаңалықтармен үндес. Егер аспан (болмыстағы берік құрылым) мен ғарыш (галактика, жұлдыз, планета т.б.) түсініктерінің араларын ашып алса араларында түсінбестік болмайды.

 Құранда «аспан» сөзі 120 рет, ал «аспандар/ көктер» сөзі 190 рет, жалпы саны 310 рет кездеседі.

lghdjr

(«Наса» агенттігінің түсірген суреті. Мұнда көптеген галактикаларды қамтыған ғарыштың бір бөлігі көрсетілген (әрбір галактика өз ішінде миллиондаған жұлдыздар мен планеталарды қамтитынын да ескеру керек). Суреттегі көк түсті бөлікке көңіл аударайық. Бұл ғалымдардың айтқан әлгі қара материя. Ол өзі көрінбейді, көрінетіні өзге сәулелерге шағылысқан әсері ғана. Бұл қара материя Құранның атап айтқан аспанының дәл өзі болуы мүмкін. Оның галактикаларға қарағанда пішінінің қаншалықты алып екеніне қараңыз. [4]

Сандарға қатысты қызық мәліметтер:

Мұнда тереңірек ой жүгіртуді талап ететін жәйт бар. Алла Тағала неліктен көктердің санын жетеу қылды? Бұл сұраққа ұзақ ой жүгірткеннен кейін дәлелі анық болған жасырын ишаратқа тап болдым. Бұл жеті қат көктің жеті санының сырын былай көрсеткендей:

  • Алла Тағала ең кіші жаратылыс – атомның электронын жетеу қылғаны сияқты өте үлкен жаратылыс болған аспанды да жеті қабат қылды. Бұлардың екеуі де жеті санына оралулары – олардың Жаратушысының да бір екенін көрсетеді.
  • Көктердің саны жетеу. Бір қызығы «жеті көктер» деп Құранда да жеті рет айтылған екен. Бұл аяттарға көз жүгіртер болсақ:
  • فَسَوَّاهُنَّ سَبْعَ سَمَوَاتٍ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

«...Оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші» (Бақара 29)

  • تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَوَاتُ السَّبْعُ وَالأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ

«Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді» (Исра 44)

  • قُلْ مَن رَّبُّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ

«“Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?”,- де» (Муминун 46)

  • فَقَضَاهُنَّ سَبْعَ سَمَوَاتٍ فِي يَوْمَيْنِ

«Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады» (Фуссилат 12)

  • اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَوَاتٍ وَمِنَ الْأَرْضِ مِثْلَهُنَّ

«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан» (Талақ 12)

  • الَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَوَاتٍ طِبَاقاً

«Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан» (Мүлк 3)

  • أَلَمْ تَرَوْا كَيْفَ خَلَقَ اللَّهُ سَبْعَ سَمَوَاتٍ طِبَاقاً

«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Нух 15)

Бұл сәйкестік жеті қат көкті жаратқан Алла Тағала аспанның жетеу екенін жеті рет қайтара айтқан Құранның да Өзінің тарапынан түскеніне дәлел болады.

(Материал Абдуддаим Кахилдің мақаласынан алынды)

www.kaheel7.com

ummet.kz

[1] «Хубук» сөзі айналасында тәпсіршілер түрлі анықтамалар берген. Оның ішінде: сұлулық, жұлдыздар, беріктік, жолдар, шебер тоқылған тоқыма деген мағыналар айтылған.

[2] Толығырақ келесі сілтемеден білсеңіз болады: https://ummet.kz/makalalar/350-dyn-jane-gylym/6621-uelde-k-k-birt-tas-bol-an.html

[3] Ибн Кәсир тәпсіріне сүйеніп аударылды.

[4] Дереккөз: www.nasa.gov

Бөлісу: