24
Сейсенбі, Қыркүйек

һижри

Омартадағы жазу

Омартадағы жазу

Дін және ғылым
Жарнама

1982 жылдың тамыз айы. Түркияның Қайсари облысының Яхиялы ауданына қарайтын Қаракөй ауылында бір таңғажайып оқиға болды.

Бұл әрбір адамның жүрегіне басылған Аллаһ тағаланың белгісінің бал арасы омартасындағы ешбір айырмасы жоқ өрнегі еді.

Балға толы омарта үстінде қалың әріптермен балменен «Алла» деген сөз арабша жазылыпты. Омарташы бұл оқиғаны былай деп баяндайды:

«Ол күні бал аралары бұрын байқалмаған бір ерекше қайрат қимыл ерекше еңбек етіп жүргенін омартада бір өзгеріс болғанын және оның омартаға жақындағанында, аралардың оны жақтырмағанын сезеді. Омартаға түтін салғанында да аралар омартадан алысқа ұзап кетпей бір нәрсені қызғанғандай сол жерде айналып, ұшып қоя берді».

Иә, аралар күш-қайраттарын біріктіріп әдеттегіден өзгеше асқан сүйіспеншілікпен бекерге еңбек етпеген екен. Құран кәрімнің «Нахыл» сүресінде баяндалғанындай жаратушы Алланың өздеріне көрсеткен жолдарымен ғана жүретін аралар жүректегі белгінің бір өрнегін балмен тоқып шыққан екен.

Осылайша Яхиялы ауданындағы Қаракөй ауылында Құранның «Нахыл» сүресіндегі екі аятта айтылған ғибрат балмен жазылған еді. Омартадағы осы ғажайып жазуды көргендер қайран қалғандықтарын жасыра алмады. Кейбіреулері омарташыдан:

«Омарта үстіндегі жазуды сіз жазбадыңыз ба?» деп күдіктене сұрады. Аралардың балмен жазған бұл таңғажайып жазудың сырын Құран кәрімнің «Нахыл» сүресі ашып бере алады.

Бұл сүреде: «Раббың араға: «Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал», - деп нұсқады. Сонан соң әртүрлі өсімдік гүлдерінен же де, Раббыңнын қолайластырған жолына түс». «Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін әлбетте ғибрат бар» («Нахыл» сүресі, 68-69).

Жаратушы Алланың сөзі Құран кәрімде бұл сүренің аты да «Нахыл» яғни, арабшадан аударғанда «Ара» деген. Ара деген атауды берудің өзі де осы бір таңғажайып оқиғаға ишарат емес пе? Ара дегеніміздің өзі бойы 1,5 сантиметр ғана кішкентай жәндік. Бірақ ол бойына біткен өнер туындысымен, еңбекқорлығымен адам баласын қайран қалдырады. Яғни омартада Алла есімі жазылса да, жазылмаса да кішкентай арадан бал шығуының өзі-ақ адам баласына мархамат етуші ұлы Алланың таңғажайып жаратылысы емес пе?!

Әлбетте, біздерге қолы жоқ жібек құрты арқылы жібек кигізген Жаратушымыз арадан да тәтті бал жегізіп бізге нәсіп қылған. Ақыл нығыметімен Өзін тануымызды қалайды.

Исламның заманауи ғылым түрлерін қамтуы Алланы таныған және ғибадат қылғандар қандай  бақытты. Олар үшін Алланың белгісін көріп танудың өзі үлкен әсер береді. Аллаһқа сенгендер үшін араның уы да шипа. Өйткені ара уы көптеген аурулармен қоса «құяң» ауруын жазуға да пайдаланылады. Балы да соншалықты пайдалы. Алланың құдыретіне шек жоқ.

Алла өз есімін бал арасы арқылы омартаға жазғызса жүректе де көрсетеді. Адамының жүрегінде қан та мырлары арқылы арабша Аллаһ деген сөз жазылғанын ғалымдар өз көздерімен көрген.

Құдіретті Жаратушы Алланың хикметіне қара.  Ұлы кітаптың дәстүрлерінен ара міндетіне тән бөлігін кішкене бір араның басындағы миға құпия жазумен жазып қойған. Ол құпия жазудың кілттері міндеткер араға ықыласты бір ләззат. Онымен құпия жазудың сырын қажет кезде бір Аллаһ қана ашады. Мінекей омартадағы таңғажайып жазу әр адамның жүрегінде жазылған және бал арасының омартасына басылған Алланың белгісі[1].

Ummet.kz


[1] Құран аяттарының сырлары. Құран кәрімдегі ғылымға қатысты

аяттар, Ғазиз Қажы Ақытұлы 2 бөлімі

Бөлісу: