16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

«Бүлік шығару кісі өлтіруден де ауыр күнә»

«Бүлік шығару кісі өлтіруден де ауыр күнә»

Күдікпен күрес
Жарнама

Отанды сүйе білу іспен көрсетуді қажет етеді. Отанды сүю – туған елге қызмет ету деген сөз. Туған елге қызмет өте кең ұғым.

Айталық, басшыларға бағыну. Бұл да ел ішіндегі тыныштықты сақтау, бүлік тудырмау үшін қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз сөзінде «Қара нәсілді құл басшы болса да бағыныңыздар, қарсы шықпаңыздар» деп тапсырған. Өйткені, Құранда: «Бүлік шығару кісі өлтіруден де ауыр күнә» делінген («Бақара» сүресі, 191- аят).

Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату әрбір мұсылманның міндеті. Құран мен Хадис біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін кейбір істен бас тарту иманның кемелдігінен. Ислам дінінің басты ерекшелігінің бірі қоғамды басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, тыңдауын талап етуі: «Ей, иман келтіргендер!

Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар» («Ниса» сүресі, 59-аят). Ендеше, елдегі, діндегі тыныштықты сақтау әрбірімізге міндет. Сол себепті басшыларға, мешіттерде имамдарға бағыну да тып-тыныш жатқан елді ала тайдай бүлдірмеу үшін аса қажет. Қандай да бір діни мәселеде талас туған жағдайда «бас-басына би болу емес» жүгінетін орын Діни басқарма немесе Діни басқарманың жергілікті жердегі өкілетті имамы болуы тиіс. Бұл еліміздегі мұсылмандардың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі үшін қажет. Сондай-ақ Ислам діні қоғамдағы өзге дін өкілдерімен сыпайлықпен қарым-қатынас жасауымызды да бұйырады. Құранда: «Кітап иелерімен ең көркем түрде, сыпайылық пен әдептілік сақтап пікір таласыңдар» («Әнкабут» сүресі, 46-аят). Бұның ең үлкен айнымас үлгісін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз кезегінде тамаша етіп жүзеге асырды. Олай болса, отанымызды шынайы сүйетін болсақ, ондағы тыныштықты бұзбауға және оған жол бермеуге тырысып бағуымыз қажет. Бір елдің нанын жеп, бір жердің суын ішіп отырғандықтан мұсылман мұсылманға қаталдық танытпай, бауырмалдығын көрсетуі тиіс. Бұл Исламның бұйрығы.

материал «Дін және Отан» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: