10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәләфия ағымы мен сәләфус-салихинге ерудің айырмашылығы

Сәләфия ағымы мен сәләфус-салихинге ерудің айырмашылығы

Күдікпен күрес
Жарнама

Сәләф деп аталған Исламның алғашқы дәуіріндегі үш буын өкіліне еріп, үлгі тұту мен бүгінгі «сәләфия» деген ағымды ұстанудың арасындағы айырмашылыққа тоқталайық. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылықты «Мухаммадилер» мен «Мұсылмандар» деген сөздің арасындағы айырмашылыққа ұқсатуға болады.

Мұсылмандарға «Мухаммадилер» сөзін қолдану мұсылман емес зерттеушілер мен ориенталистердің әдеттері екені баршаға мәлім. Тағы бір айқын нәрсе – бұлай атаудың ислами ережелер мен шынайы мұсылмандардың өмір шындығына сәйкеспейтін теріс іс екендігі. Себебі «мухаммадилер» сөзі мұсылмандарды Мұхаммедтің (с.а.у.) жеке басына тәуелді, оның жеке пікірлерінің тараптарлары етіп көрсетеді. Ал «мұсылмандар» сөзі болса, Алла Тағаланың әмірі мен үкімдерін дін етіп ұстануды және Мұхаммедтің (с.а.у.) елшілігі арқылы келген барлық нәрсені қабылдау дегенді білдіреді. Шын мәнінде пайғамбарға (с.а.у.) бой ұсыну оны сүю – Аллаға бой ұсыну мен оның елшісі екендігін қабылдаудың нәтижесі.

Міне осы «Мухаммадилер» мен «мұсылмандар» сөзінің арасындағы айырмашылық сәләф қауымына еру мен «сәләфия» жолын ұстанудағы айырмашылықтың нақ өзі. Сәләфилікті ұстану – сәләфус-салихиннің жеке тұлғалық қасиеттерін сомдайтын және олардың жеке жамағат болғандығын көрсететін арнайы мәзһабтары болды дегенді білдіреді. Бұл қате пікір. Ақиқатында, оларда Алла пен пайғамбарына кәміл түрде бойсұнуданбасқа жеке бастарына тән ерекшеліктері болған жоқ.

Бұған қоса бүгінгі сәләфия мәзһабына кірушілер өзге мұсылмандардан ерекше, өздерін ғана шынайы Исламды алып жүрушілер, Исламды ең дұрыс үлгіде жандандырушылар етіп көрсетуде. Олардың осылай түсіндіруі мен суреттеулерінің нәтижесінде Ислам – осы ағымның және сол ағымдағылардың ізінен еру; олар қайда барса сонда бару; этика негіздерін олар неге негіздеп құрса соған негіздеп құру; олар неге қарсы күрессе, соның барлығымен күресу болып шыға келеді.

Ал сәләфтарға шын мәніндегі еру дегенге келетін болсақ, ол Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрметтеуге әмір еткен, Алланың дінінде шынайы болған үш буын өкілдерін құрметтеуді білдіреді. Сондай-ақ Құран мен хадисті түсіну мен олардан шариғи үкімдерді, діннің басты қағидаларын анықтауда солардың ұстанған жолын үлгі тұту болып табылады. Ислам – өзінен бұрынғылардан үйрену арқылы болатын жол. Яғни Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бері қарай үзіліссіз жеткен болуы керек. Ешкім өзінің жеке ақылына, тәжірибесіне сүйеніп, дінге өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан шариғаттың негізі мен діңгегі – дұрыс түсінік пен таным қалыптастыратын өзгермес әдістемелік ережелер жиынтығы болып табылады. Ал, Пайғамбарымыздан (с.а.у.) қалған осы әдістемелік ережелерге қол жеткізуде Алла Тағаланың дінінде шынайылықпен танылған сәләфус-салихин нағыз үлгі болады. Себебі сәләф дәуірінің өзінде осы діни нормалар мен ережелердің таразылауында қадірі артқанның қадірі артты, дәрежесі түскеннің дәрежесі түсті. Бұл нормаларды ұстанбағандар Исламның алғашқы дәуірінде өмір сүргеніне қарамастан салафус-салихин қатарынан шығып қалды.Сәләфия деп аталатын ағымды ұстану мен Пайғамбарымыз өсиет еткен сәләфус-салихинге ерудің арасындағы айырмашылық осы. Яғни бірі – олардың жеке бастарының ерекшелігіне еліктеп, сол дәуірді аңсау. Бұл Алла Тағала рұқсат етпеген және тарихта ешбір көрініс таппаған іспен айналысу ғана. Бүгінгі сәләфилік осыны көрсетеді. Ал екіншісі – діннің негіздерін үйренуде олардың ұстанған жолын үлгі тұту. Бұл – нағыз діннің өзегі, асылы және Пайғамбарымыз (с.а.у.) шақырған өзінің және оның әділетті, һидаяттағы халифаларының жолының негізі.

материал «Мәзһаб туралы таным» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: