14
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Діннің негізімен ұштаспайтын жаңалықтан сақтану жолы

Діннің негізімен ұштаспайтын жаңалықтан сақтану жолы

Күдікпен күрес
Жарнама

«Ақиқаттың тысында адасудан басқа не бар?» («Жүніс» сүресі, 32-аят). «Оларға: «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).

«Міне, бұл – Менің тура жолым. Осы жолмен жүріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, әйтпесе өзге соқпақ-сүрлеулер сендерді (Алланың) тура жолынан тайдырып жібереді» («Әнғам» сүресі, 153-аят).

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім осы ісімізге оның негізімен ұштаспайтын қандай да бір жаңалық енгізетін болса, онысы қабылданбайды», – деп айтты» – делінген (Бұхари, сулх 5; Муслим, ақдия 17-18).

Жәбир (р.а.): «Әдетте Алла елшісі (с.ғ.с) құтпа айтқанда көзі қызарып, дауысы зорайып, құдды «Дұшпан таңертең немесе кешке тұтқиылдан шабуыл жасайды, дайын болыңдар!» деп қоластындағы жауынгерлеріне ескертіп тұрған қолбасшы сияқты айбаттанып кетуші еді. Сондай құтпаларының бірінде сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп тұрып: «Мен пайғамбар болып жіберілген уақыт пен қиямет күнінің арасы, мына екі саусақтың арасындай ғана», – деді де, – расында, ең абзал сөз – Алланың кітабы. Ең қайырлы жол – Мұхаммедтің (с.ғ.с) жолы. Істердің ең жаманы – (Құран мен сүннетке қайшы келетін кейіннен пайда болған) діндегі жаңалықтар. Діндегі әрбір жаңашылдық – адасушылық», – деді. Содан кейін: «Мен әрбір мүмінге жанынан да жақынмын. Кімде-кім артына дүние-мүлік қалдырса, онысы бала-шағасына тиесілі. Ал кімнің артында өтелмеген қарызы немесе күтімге мұқтаж бала-шағасы қалса, олар менікі әрі менің мойнымда болады», – деп айтты», – деген (Муслим, жұма 43).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: