21
Бейсенбі, Ақпан

һижри

Діндегі ұлттық дәстүрлер

Діндегі ұлттық дәстүрлер

Күдікпен күрес
Құралдар
Шрифт

Белгілі анрополог К. Лоренц дәстүрден бас тарту сананың тұрақтылығы үшін, тіпті мұндай бас тарту толығымен ақталған болса да жоюшы залал әкеледі деп есептейді.

Ислами радикалды топтардың конституцияға қарсы үндеулері негізінде мемлекеттік институттарға ғана қауіп төндіреді деген тұжырымды бүгіндері дұрыс деу қиын. Дәстүрлі емес және радикалды ұйымдардың идеологияларын сараптау нәтижесінде олар ең алдымен жергілікті ұлтқа, ол өз алдына қоғамдық құрылымға қауіп төндіретіні анықталды.

Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Ислам діні – халқымыздың рухани тіректерінің бірі» деп тегін айтпады. Сонымен қатар, ел президенті Н. Назарбаев мұсылмандар үшін діни нұсқауды анықтай келе, біз «ханафи мазхабын ұстанатын суннитер» екенімізге назар аудартты.

Сондықтан болар, радикалдар бірінші кезекте қазақ халқының ұлттық дәстүріне жүйелі түрде шабуыл жасап отырады. Мысалы, такфирилерде «намаз оқымайтын қазақ – кәпір» деген басты әрі бағыттаушы тезисі болып табылады. Радикалдар «қазақ халқының барлық дерлік дәстүрлері жахилиеттік болып табылады» деп, оны исламдағы бидағат деп таниды.

Бүгінгі таңда, ислам мен ұлттық негізді өзара қарама-қайшы қоюға, мемлекетқұрушы ұлт қазақ халқының рухани болмысын құртуға бағытталған жүйелі үдерісі жүріп жатыр.

Жергілікті ұлттан ислами негізін кетіру әрекеті байқалады. Радикалды діни топтардан геосаяси және геомәдени субъект ретінде ұлтқа, оның рухани мәдениетіне жаңа қауіп төнуде.

Нәтижесінде радикалдар ұлттық дәстүрлерді «мұсылмандық емес» деп сынға алып, бас тартады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыстарынан шығуда. Мұндағысы, мұның барлығы шайтани деп қабылдайды. Осылайша, олар өздерінің «әл-уәла уә-бара» (аудармасы: достық және қатысы жоқтық) тұжырымы негізінде қоғамнан оқшаулана береді. Яғни, дін ұстанушыға достық қарым-қатынас құрып (дін ұстанушы деп өздерін ғана атайды), кәпірлердің өмір салтына қатысты болмау.

Радикалдардың әрекеті мемлекеттіліктің: идеологиясы, мәдениеті және тарихы болып құралатын үш негізінің біріне қауіп төндіреді. Бұл негіздердің бірінің жоғалуы сөзсіз құлдырауға әкелері анық. Бүгіндері біз қазақ халқының дәстүрлі дін ұстануын жоққа шығару және оны болмашы көру негізінде Қазақстанның мемлекеттілігіне, халықтың діліне және болмысына балта шапқысы келетін адамдардың пайда болғанының куәгері болдық.

Қазақ халқының дәстүрлері ислам дінімен тығыз байланған деген тезисті қуаттайтын бірнеше жайтты келтіруге болады:

  1. Пайғамбар сахабалары мен қазақ халқының кейбір рәсімдері арасында ұқсастықтарды байқауға болады. Қазақ халқы бұрыннан жас балаларын көз тиюден сақтау үшін маңдайларына күйе жағып, киімдеріне неше түрлі түймелер мен тиындар тігетін болған. Халиф Осман ибн Аффан әдемі кішкентай баланы көріп: «оған көз тимесі үшін иегіндегі ойыққа дақ жағыңдар» деген. Сахаба Османның бұл сөзі көзі тигіш адамдардың назарын басқаға салу мақсатында айтылғанын қазақтар әрине ескерген. Бірақ, кейбір мұсылмандар арасында радикалдардың түсіндірулері себепті, бұл іс пұтқа табынушылық және адасу деген көзқарас бар.
  2. Шелпек тарату, құран оқыту, өсиет ету, шілдехана тойы: мұның барлығы ислам дініне негізделеді.

«Таспен атканды аспен ат», «Алланың көзі түзу болсын», «Періштенің құлағына шалынсын» және т.б. сөздері қазақ халқының мұсылмандығының анық дәлелі.

Қазақ халқының мәдениетін тиянақты түрде зерттеп, талдау жасау нәтижесінде ислам діні, пайғамбар сүннетімен байланысты сан алуан сөздер, дәстүрлер, рәсімдерді байқауға болады.

Ислам діні ережелері мен қазақ халқының мұрасын алғашқы салыстыруларда жүздеген және мыңдаған халық дәстүрі мен Мұхаммед Пайғамбар сүннетінің өзара байланысы байқалған.

  1. Қазақ жанұясында сәби дүниеге келгенде, жақындары «бауы берік болсын» деп құттықтайды, яғни баланы анасымен байланыстырған кіндігі кесілгенде, Алламен байланысы берік болсын дейді. Бұл Құрандағы «Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші» аят мағынасына келеді.
  2. Мәйіттің кебінін «ахырет» деп атайды, яғни ахыретке шығарып салардағы киімі. Құранда «Олар Аллаға, ақырет күніне сенеді де дұрысқа қосып, бұрыстан тосады. Сондай-ақ қайырлы істерде жарысады. Міне солар ізгілер» делінген.
  3. Құрбан айт мерекесіне бір күн бұрын қазақта қой сойылып, оны шек шалу деп атайды. Арап тілінде «шәк» сөзі күмандану деп аударылады, яғни сол уақыттарда нақты күнтізбесі, сағаты жоқ халық жаңа айдың нақты туған-тумағанына күманданып, сол құрбан айттың бірінші күнінің сауабын жіберіп алмас үшін бір күн бұрын қосымша мал шалып, оны шек деп атаған. Дәстүрлі емес ағым мүшелері үшін бұл әрекет бидағат (күна) есептеледі.

Келтірілген бұл жайттар дінде ұлттық дәстүрді ұстанудың маңыздылығының айқын дәлелі болып табылады.

Пікір жазу

Қауіпсіздік коды
Жаңарту