Меню

06
Жексенбі,
Сәуір
8
Шәууәл
1446 һижри

Мына қағидалармен өмір сүрген еркек бақытты болады

Мына қағидалармен өмір сүрген еркек бақытты болады

Мұсылман жігіттің: «менің үйленетін уақытым келді» деп айтуы үшін ең әуелі дінін жақсылап үйренуі қажет. Содан кейін сүннетті орындау ниетімен үйленуі керек. Әдепті, арұятты, жақсы мінезді, дінін, иманын, исламның шарттарын білетін, исламға мойынсұнатын, көшеде діннің әміріне сай киінетін қызбен үйленуі керек!

Ақша мәселесінде бала үшін ең қауіпті нәрсе

Ақша мәселесінде бала үшін ең қауіпті нәрсе

Белгілі уақыт аралығында балаға көп мөлшерде ақша берген де немесе түк ақша бермей қойған да дұрыс емес. Әке-шешеден тыс ағаның, көкенің, атаның, апаның я болмаса жақын ағайынның балаға ақша ұстатуын абайлаған жөн.

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары төмендегідей:

Бала тәрбиелеу әдебі: Алла Тағаланы таныту

Бала тәрбиелеу әдебі: Алла Тағаланы таныту

Алла Тағаланың хақ дінін түсінген жан қызметінде жұмысын адал істеуі, өзгелермен көркем қарым-қатынас жасауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуы, жәрдемдесуі сияқты істерімен өзгелерге үлгі болуы қажет.

Неке қиюдан бұрын құда түсу – сүннет

Неке қиюдан бұрын құда түсу – сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі үшін де, өзгелер үшін де құда түскен.

Әйелдің таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма?

Әйелдің таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма?

Әйел адамға таксиге жалғыз өзі отыруына бола ма? Әлде қасында адам болу керек пе?

Пайғамбар (с.ғ.с) балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?

Пайғамбар (с.ғ.с) балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?

Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу шарт. Балалардың жасаған қателігі үшін жекіп, болмаса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін сөздер айтпау маңызды.

Жұбайын тәһәжжуд үшін оятудың сыйы

Жұбайын тәһәжжуд үшін оятудың сыйы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайрадан (Алла екеуіне де разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

Сәбидің аузына түкірту салты дінде бар ма?

Сәбидің аузына түкірту салты дінде бар ма?

Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын дегендік. 

Дейтұрғанмен, "ауызға түкіру" ырымына ұқсас діни бір рәсім жоқ. Ондай Пайғамбарымыздан сүннет келмеген. Дінімізде, «тәхник» деген Пайғамбарымыздан қалған жоралғы бар. Ол рәсім бойынша, жаңа туған балаға ана сүті берілмей тұрып, құрманы шайнап, оның шырынын, не болмаса, өзге де тәттіні, мысалы, балды таңдайына жағады (не тіліне жағады). 

Бірақ, тәхниктің мәнін әлдебір ырымнан іздегеннен гөрі, бала денсаулығына тигізер пайдасынан іздеген дұрыс. Мысалы, Британдық медицина саласының ғалымдары анықтағандай, жаңа туған сәбидің тіліне жағылған тәтті, оның тамырынан қан алғанда ауырсынуын басып, жүрек соғысын тез қалпына келтіреді екен. Бұл – оның бір ғана пайдалы тұсы. Одан да өзге пайдалы жақтары бары сөзсіз. Мұның пайдалы екендігін ғылым 1995 жылы ғана анықтаған болса, Пайғамбарымыз мұсылмандарға 14 ғасыр бұрын үйретіп кеткен.

Алла елшісінің әрбір сүннетінің астарында үлкен мән-мағыналар, адамдарға тигізер пайдалар жатыр. Оның (с.а.у.) хадистері мен сүннеттері - даналық бұлағы іспетті. Осыны ұғынған сайын, Алла Тағаланың Мұхаммед пайғамбарға (ғалейһиссәләм) қарасты айтқан мына бір Құран аятын тереңірек ұғына түсетін секілдіміз:  «Біз сені әлемге тек мейірімділік нышаны ретінде жібердік» («Әнбия» сүресі, 107 аят). 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Күйеуге дұрыс бағыну үшін де ілім керек

Күйеуге дұрыс бағыну үшін де ілім керек

Қазір тұрмыс құрмаған көп намазхан орамалды қыздар, мейлі медреседегі талабалар болсын, мейлі жай мешіттен сауат ашып жүрген қыздар болсын, қари, хафызға не шейхқа тұрмысқа шыққысы келеді.