Әйелдерді қорғайтын мықты қалқан бар. Ол – оның иманы.Нағыз сұлулық жан сұлулығы, жүрек тазалығы десек, соның негізі – иман.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жар таңдаған кезде де әдемілігіне қараңдар деген. Бірақ оның әдемілігі басты нәрсе еместігін ескертіп бір хадисінде былай дейді: «Әйелді не байлығы үшін немесе сұлулығы үшін немесе діндарлығы үшін алады. Сендер діндар болғанын алыңдар! Тек қана байлығы үшін алған адам байлығына қауыша алмайды. Тек сұлулығы үшін алған адам сұлулығынан мақұрым қалады» деген. (Муслим). Әйел иманды болса, бар мұратын болашақ отбасының игілігіне байлап, әлемдегі ең ізгі әйелге айналады. Әйел иманды болса, бар тілегін келешек перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел сол болады. Әйел иманды болса, бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен ең адал жарына айналып, әлемдегі ең сұлу әйел атанады!
ummet.kz