26
Жұма,
Сәуір

һижри

Күйеуімен бірінші болып татуласатын әйел Жәннатта болады

Исламдағы отбасы
Жарнама

Кейде ерлі-зайыптылардың өмірінде келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болып тұрады олардың басым бөлігі – әйелдің ақыл таразысына байланысты. Ал, «Дүниедегі ең жақсы нығмет – салиқалы әйел» деп түсіндірген асыл дініміз, дұрыс отбасылық өмірді қалыптастыру жолын да көрсетіп қойған.

Әнастың, Ибн Аббас пен Қа’б ибн Ужраның (Алла оларға разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:

«Сендердің Жәннат тұрғындарының қатарындағы еркектерің жайлы хабар етейін бе? Пайғамбар Жәннатта, Әбу Бәкір әс-Сыддық Жәннатта, шәһид Жәнннатта, сәби күйінде өлген Жәннатта, елді-мекеннің шетіндегі бауырын тек Алла үшін зиярат ететін адам Жәннатта. Және сендердің Жәннаттағы әйелдерің туралы айтайын ба? Ол – әрбір сүйетін, бала табатын әрі егер күйеуі оған нашар қарым-қатынас көрсеткен болса, немесе оның өзі оны ашуландырған болса, оның қолын алып: «Сен разы болмайынша, мен ұйықтамаймын!», – дейтін әйел”. Әт-Табарани «әл-Кәбир» 14/307, Тамам «әл-Фәуаид» 1/202, Абу Ну’айм «әл-Хилья» 4/303.

Ендеше, әрбір салиқалы әрі тақуа мұсылман әйел Жәннат тұрғыны болу үшін осы ұлы қасиетке талпынсын. Себебі осы сипаттағы әйел бұл хадисте Жәннатта болатын Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкірмен және шәһидпен бір қатарда айтылып өтті.

ummet.kz

Бөлісу: