31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ер мен әйелге ең бірінші жәрдем – Алладан

Ер мен әйелге ең бірінші жәрдем — Алладан

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бізге Алла Тағала ерлі-зайыпты екі жасқа олардың отау көтерудегі мақсатын айқындап берген: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен» («Рум» сүресі, 21-аят).

Яғни, ер мен әйел үнемі «Алла берген сүйіспеншілік, мейірім-жанашырлықты қалай сақтап қаламыз?»және «Жарымның тыныштық, тыным табуы үшін не істей аламын?» деген сауалдарға жауап іздеп, тапқанын амалына асыра алғанда ғана отбасы баянды болмақ.

Күйеуінің не жарының көңілін аулағысы келген ер мен әйел мынаны міндетті түрде жасасын! Жақсы әйелге немесе еркекке ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің не әйелінің көңілін аулағысы келгендер Алламен қарым-қатынасын түзеп, алақанын жайсын. Жүрекке Алланың ғана әмірі жүреді. Қос жүрекке махаббат пен мейірімді салатын – Алла! Сондай-ақ, ешбір әйел не ер адам өзінің сымбаты, мінезі, байлығымен отбасын ұстап тұра алмайды. Ешбір әйел күйеуі үшін ғана жасаған амалдарымен, сұлулығымен мінезімен, дәмді тағамдарымен Жәннатқа жете алмайды. Олар барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. Алла сұлулықты жақсы көреді, бір-біріміз үшін сұлуланайық, Алла тазалықты, жаратылыстарының мейірімді болғанын жақсы көреді, біз де соған талпынайық деп сәт сайын ниетті түземек керек. Мұсылман алдымен Алланы жақсы көреді, ал жарын – Алла разылығы үшін жақсы көреді.

ummet.kz

Бөлісу: