21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Салиқалы әйел – қазына

Салиқалы әйел – қазына

Исламдағы отбасы
Жарнама

Аса Рақымды Алланың атымен бастаймын. Алла Тағала күллі әлемді жаратқан. Ер мен әйелді көркем түрінде жаратқан. Жаратылысына қарай ер кісі күшті әрі отбасыны қамтамас ететіндей жаратқан, ал әйел кісіні нәзік әрі әлсіз етіп жаратқан.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салиқалы әйел жайлы керемет сөздері бар: «Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззәттың ең хайырлысы салиқалы, жақсы әйел»

Неге Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты, бұл жайында «Әл-Миркат» кітабында Мулла Әли Қари былай деп түсіндіреді: «Өйткені, ол келесі өмірдің (дайындығына) көмектеседі. Мұндай әйел күйеуінің кез-келген ақыреттік амалдарын жасауда жәрдемші, және мұндай әйелдің алдында күйеуінің күнә жасауына, ұятты іске баруға ары жибермейді. Содан кейін, Мулла Әли Қари Имам Әлидің КарамаЛлаһу уаджхаһу түсіндірмесін келтіреді: «Содықтан, Әли, Алла оны рақым етсін, Алланың сөзін түсіндіреді – «Иә, Алла бізге дүниенің қайырлысын бер» - яғни, салиқалы әйел, – «келесі өмірдің қайырын», – яғни хор қыздар, – «және бізді тозақ отынан сақта», – яғни арсыз («әс-сәлитә» сөзі «бетпақ, арсыз, ұятсыз» дегенді білдіреді) әйел».

Әйел – бұл Алланың сыйы және мейірімі немесе жазасы. Бұл өмірде әйелден қанша адамның өмірі бүлінді. Сондықтан Мулла Әли әл-Қари имам әт-Тыббидің сөзін келтіреді: «Әт-Тыбби былай дейді:  «Хадисте «салиқалы» деп айтылған себебі, егер әйелде бұл қасиет жоқ болса, ол – бақытсыздық»».

Әйел адамда таңғаларлық ер адамды билеу қасиеті бар. Ол ақылды есеңгіртеді және ер адамның күш-қуатын өзіне бағындырады. Егер ол әйел тақуа болмаса, онда ол байғұсты құртады. Және осыны кез-келген ер мен әйел араласқан әріптестер арасынан ер адамдардың басым бөлігіның өздерін шынайы ұстамайтынын, еш нәрсенің парқына бармастан, әйелдердің көңілін аулау үшін түрлі әрекетке барып жатқандарын байқауға болады. Ер адам мен әйел адамның ақылын есеңгіртпеу үшін және кейін қандай да бір жамандыққа ұшырап қалмау мақсатында, асыл дініміз, Исламда ер мен әйелдің араласып кетуіне қатаң тыйым салынған.

Шыныңда салиқалы әйел осы дүниенің ең хайырлысы болып саналады. Салиқалы әйел – қазына деп бекер айтылмаған. Салиқалы әйел деген кім және қаңдай деген сұрақ туындайды.

Ең бірінші салиқалы әйел Жаратушысына мойынсұну керек. Осы жайлы Қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:

إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا

«Аллаға мойынсұнған мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер, шын жүректен иман келтірген мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, (Хақ діннің барлық үкімдеріне) қалтықсыз бағынған ерлер мен қалтықсыз бағынған әйелдер, (сөздері мен іс-әрекеттері) түзу әрі шынайы болған шыншыл ерлер мен шынайы да шыншыл әйелдер, сабырлы да табанды ерлер мен сабырлы да табанды әйелдер, (Алланың алдында) өте ізетті әрі кішіпейіл болған ерлер мен сондай инабатты әрі кішіпейіл болған әйелдер, (Алла жолында мұқтаждарға) зекет-садақа беретін ерлер мен зекет-садақа беретін әйелдер, ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын әйелдер, арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған ерлер мен арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған әйелдер, сондай-ақ Алланы көп еске алатын ерлер мен Алланы көп еске алатын әйелдер (бар ғой?!) Міне, Алла осынау ізгі жандарға ерекше кешірім мен үлкен сый-сияпат дайындап қойды».

Салиқалы әйел болудың жолдары:

  • Жиі дұға етіңіз. Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі;
  • Күйеуіңізді сыйлаңыз. Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз;
  • Күйеуіңізге қолдау көрсете біліңіз. Кез-келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз;
  • Әдемі болып жүріңіз. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз
  • Кешірімді болыңыз. Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде «жинап» жүрмеңіз. Болған нәрсені тез ұмытып, оңай кешіре біліңіз.
  • Қайын жұртыңызбен тату болыңыз. Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс дәл осы «менің анам, сенің анаң» дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді барынша сыйлап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

Осындай қасиеттерді бойлары сіңірген әйелдер салиқалы әйел болып есептеледі. Осындай әйелдер қатарын Алла Тағала көбейтсін!

Қарлығаш Қажымәлікқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: