25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Әлем бойынша сұлу әйелдердің саны үшеу

Әлем бойынша сұлу әйелдердің саны үшеу

Исламдағы отбасы
Жарнама

Күллі ғаламда көркіне көз тоятын сұлу әйелдер өте көп. Алайда, әлем бойынша ең сұлу әйелдердің саны үшеу ғана. Олар: анамыз, оның көлеңкесі және асыл анамыздың айнаға шағылысқан көркем бейнесі.

Сәби шағымыздан бізді мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аяулы анамыздан асқан сұлу жоқ жер бетінде. Олардың бізге жасаған, әлі де жасайтын мейірімі шексіз!

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірге келуімізге себепкер болып, ақ сүтін емізген, әлпештеп аялап өсірген аналарымызға қатысты: «Ана — Жәннат есігінің ортасында» [Ибн Хамбел V-баб, 198-хадис], «Жәннат аналардың аяғының астында» [Нәсай, Жихат бабы, 6-хадис] деп бұйырған хадисінің мағынасы, барлық аналардың Жәннатқа баратынын білдірмейді. Алайда Жәннатқа кіру үшін баласына анасы разы болу керектігін білдіреді. Сондай-ақ, бұл хадис аналарымызды құрметтеу, жақсы сөз айту, қарсы келмеу және айтқандарын тыңдауымызға қатысты айтылған хадис.

Сондықтан да Алланың әмірлеріне қарсы болмаған, барлық аналардың барлық бұйрықтары мен талаптарын орындау, балаларының міндеті әрі анасының алдындағы борышы. Мәңгілік, уайымсыз, қайғысыз, тіршіліксіз барлық армандар орындалатын өмірдің есігін ашатын кілт аналардың аяқтарының астында жасырылған. Яғни, ананың разылығы екі дүниеміз үшін де маңызды.

...Алланың қалауымен бізге өмір сыйлап, осы жарық дүниеге әкелетін, одан кейін сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, ауырған кезімізде бізге мейірлерін төге қамқор болып, кей кездері бізді өздерінен де артық жақсы көретін жан – анамыз. Көзімізді аша сала көретін анамызға деген сүйіспеншілік – әр  адамның өміріндегі ең үлкен әрі алғашқы махаббаты.

Иә, ананың бала алдындағы ақысы өте үлкен. Бірде халиф Омарға бір адам келіп:

«Менің анам қатты қартайды. Кішкентай кезімде ол маған қызмет еткеніндей мен оларға қызмет етіп келем. Олардың ақысын өтеген болып саналамын ба?»,- деп сұрайды.

Халиф Омар (ол кісіге Алла разы болсын): «Жоқ. Өтеген болып саналмайсың. Себебі ол сенің өсіп, мықты азамат болуың үшін саған қызмет көрсетті. Ал сен ол жақында дүниеден өтуі мүмкін деп қызмет көрсетудесің»,- деген екен.

Егер де осыншама нәрсені біле тұра анаға қарсы шығып, оған құрметсіздік көрсетер болсақ үлкен күнә жасаған боламыз. Себебі анаға құрмет көрсету – Алланың тікелей бұйрығы.

ummet.kz

Бөлісу: