31
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Үйленудің әдептері мен түрлері

Үйленудің әдептері мен түрлері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үйленудің әдептері:

1. Әрбір әйел, күйеуінен басқа әйелін талақ етуін талап етуіне болмайды.Сол сияқты оның нәпақасына, хақысына қол сұқпауы қажет. Егер ер кісінің бірнеше әйелі болса, олардың барлығына бірдей жақсы қарауы, әділдікті сақтауы, оларды асырауы керек. Өйткені теңдік болмаса, әйелдер арасында көреалмаушылық, күндестік орын алып, қастандыққа, өшпенділікке бой алдырады. Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм)бізді мұндай іс әрекеттерден тыйған. Бұл туралы Анас ибн Малик (р.а.)Алла елшісінің (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Бір-бірлеріңмен таласпаңдар, әрі бір-бірлеріңе көреалмаушылық жасамаңдар, адамның сыртынан сөз айтпаңдар! Бәрің де Алланың пендесі әрі бауырмал болыңдар. Мұсылман адам мұсылман бауырына үш күннен артық ренжуіне болмайды»,-деп айтқанын риуаят еткен.  Әбу  Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың  (аләйһис-саләту уәс-сәләм) «Әйелді  әкесінің  ағасымен немесе шешесінің ағасымен некелестірмеңдер»-дегенін жеткізген. Басқа бір риуаятта: «Ағасы айттырып үйленгелі тұрған қызға інісі үйленбесін.  Ағаларың  ұнатқан  қызға  көздеріңді салмаңдар»,-делінген.

2. Әпкесі сіңілісінің күйеуіне өзі тұрмысқа шығу мақсатымен оны талақ етуді ұсыну дұрыс болмайды. Мысалы: Әпкесі сіңілісінің күйеуіне: «сіңілімді талақ ет мен саған тұрмысқа шығамын»-деп талап етуі дұрысқа жатпайды. Себебі мұндай әрекет әпкелі-сіңілінің арасына дұшпандық тудырады. Екеуінің арасында бауырмалдық және туысқандық қарым-қатынас үзіледі. Пайғамбарымыз хадисінде: «Егер сендер осылай жасайтын болсаңдар сөзсіз туыстық қарым-қатынастарың  үзіледі»,-деген.

3. Егер ер адамнан жоғарыда айтылған екі жағдайды талап етсе, қабыл алынбайды. Себебі ондай іс харамға алып барады, тиісті үкімін алады.

4.  Егер  бір ер  кісінің  бірнеше  әйелі  болса,  онда олардың бәрін жыныстық қатынас тұрғысына орай бір жерде ұстауы ислам әдебіне сай келмейді.

5.  Ерлі-зайыптылардың  құпия  қатынастарының тәртіптері

6. Ерлі-зайыптылар өз арасындағы сезім құпияларын, жеке нәрселерін өзге адамдар ортасында жариялауына болмайды. Әл-Хасаннан (р.а.), Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту  уәс-сәләм)ерлер мен әйелдердің ортасында отырған-ды. Бір сәт  ерлерге  бетін  бұрып: «Сендер  өзара отырғанда әйелдеріңмен оңаша қалғанда не істейтіндерің туралы айтатын шығарсыңдар»,- деді де әйелдерге де қарап: «Сендерде де өзара күйеулеріңнің не істейтіні туралы айтатын шығарсыңдар»,-деп сұрады. Бұған таңырқаған әйелдердің бірі: «олар (ер кісілер) айтады, бізде айтамыз»,-деді.  Сонда  Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту  уәс-сәләм): «Енді олай етпеңдер. Өйткені ол екі шайтанның жыныстық қатынасқа түскені және ол екеуін адамдардың көріп тұрғаны сияқты болады»,-деп кеңес берді.

Үйлену түрлері:

1. Дұрыс (сахих) неке. Дұрыс (сахих) неке деп негізі мен шарттары толық

болып қиылған некені айтамыз. Ақыл-есі толық және балиғат жасына жеткен мұсылман ер және ақыл-есі толық және балиғат жасына толған мұсылман қыздың арала-рында ешқандай үйленуге қатысты кедергісі жоқ және екі куәнің алдында қиылған неке жарамды болып, есепке алынады.

2. Бұрыс (фасид) неке. Жүзеге асу шарттары толық болумен қатар дұрыстық шарттарында кемістігі бар некені «Бұрыс (фасид) неке» деп атайды.

3. Жалған (батыл) неке. Негізгі  шарттарында  кемістігі  бар  қиылған  неке «жалған неке» деп аталады. Жас, бүлдіршін баланың, яки ақыл-есі жарым адамның тікелей өзі үйленуі және қыз бен жігіттің неке қиярда келер шақпен келісім шарт жасауы, қыз бауыры, немере әпке, нағашы әпке сияқты жақын туыстарымен үйлену, өзге біреудің әйелімен біле тұра үйлену, мұсылман қыздың кәпірге тұрмысқа шығуы,

4. Азаматтық неке. Сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты «азаматтық неке» туралы да айтып кетуге болады. Азаматтық неке қазақ жастары  арасында  өкінішке  қарай  кездесіп  жататын жайттардың бірі. Әсіресе мұндай жағдай шалғай жерлер-ден үлкен қалаларға келіп университетте оқитын студенттер арасында кездесіп жатады. Азаматтық неке – қыз бен жігіттің болашақта бір-біріне лайық жар бола алатындығын сынап көру үшін бір-бірімен некесіз қосылып, ата-ана, жақындарынан хабарсыз бір үйде бірнеше ай, немесе жыл бойы тұруларына айтады. «Азаматтық неке» Ислам діні бойынша, жалған неке, тіпті некесіздікке жатады. Сондықтан оны «азаматтық неке» деп емес, «азаматтық зина» деуге толық негіз бар. Өйткені бұл жағдайда да неке қиылмайды. Исламда зина ең үлкен күнәлардың бірі. Міне «азаматтық некеде» осы үлкен күнәні өз ара «болашаққа жар болуға әзірлік» деген атпен заңдастырып өздерінше «адал етіп» алады. Бірақ ол адал бола салмайды.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: