05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Жұбайымызбен арамызда сүйіспеншілік жоғалса не істейміз?

Жұбайымызбен арамызда сүйіспеншілік жоғалса не істейміз?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жаратушы иеміздің: «Жақсы қарым-қатынаста болыңдар, дұшпандықтарыңды сүйіспеншілікке айналдырам» деген уәдесі бар. Қандай керемет уәде!

Басыңыздан қандай қиыншылық өтсе де, оны отбасылық өмірге араластырмай, барлығын санаңыздан өшіріп, бүгіннен кейінгі өміріңізге тап-таза жаңадан бет ашыңыз.  Жұбайыңыздың бұған дейінгі барлық қателік, кемшіліктерін кешіріңіз. Мұны оған білдірмей-ақ іштей жасаңыз. «Кешірдім» дегенді сырттай айтып, «қателік сенде» дегендей теріс түсінік пайда болуына жол бермеген жөн. Іштей кешіріңіз де қойыңыз.

Өз қателіктеріңіз үшін жұбайыңыздан кешірім сұрауды ұмытпаңыз.

Кешірім сұраудың ең нәзік жері – алдымыздағы кісіні кінәламастан кешірім сұрау. «Мен осындай қателік жібердім, бірақ сен сөйттің, мен сол үшін осыны жасауға мәжбүр болдым» , «Мен солай айттым, себебі, сенің туысқандарың маған былай жасады, мен сондықтан осылай жауап қайтардым» т.с.с отбасы мүшелерімен болған жағдайды қазбалау – тек қана жаңа ұрыс-керіс пен реніштен  басқа ештеңе әкелмейді. Дұрысы, ешкімге кінә тақпастан кешірім сұраңыз. Осы орайда, «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің, өркөкірек болғанмен ұлылыққа жетпейсің» деген даналарымыздың сөзін есіңізде сақтағайсыз. Сіз кешірім сұрадым екен деп, жұбайыңыздың да бірден кешірім сұрауын күтпеңіз. Өзіңіз шын ықыласпен кешірім сұрасаңыз болғаны.

Әйел мен еркектің кешірім сұрау тәсілі бір-біріне ұқсамайды. Әйелдер – сезімтал жандар, кешірім сұрағанда сезімге әсер ететін сөздерді таңдайды. Ер адамдардың психологиясында кешірім сұрау әлсіздік сияқты қабылданғандықтан, олар кешірім сұрау орнына өкінгендерін іс-әрекеттерімен көрсетуді таңдайды. Кешірім сұраса да, құрғақ сөздермен және түк болмағандай, әдеттегі нәрсе айтып тұрғандай мінез көрсетеді. Бұл әрекет әйелдерді қанағаттандырмауы мүмкін. Әйелдер өздері сияқты нәзік сөздерге толы сезімге әсер ететін кешірімді күтеді. Күткендерін ести алмағандықтан, болмашыға ренжиді. Сондықтан әйелдер ерлерінің өзіне деген қарым-қатынасын дұрыс түсінуге тырысуы керек.

ummet.kz

Бөлісу: