29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бай мен кедей құда бола ала ма?

Бай мен кедей құда бола ала ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Халқымызда ғасырлар елегінен өткізген мынадай мақал бар: «Кедей мен кедей құда болса, екі ортада дорба жүреді. Бай мен бай құда болса, екі ортада жорға жүреді. Кедей мен бай құда болса, екі орта зорға жүреді».

Екі жақтың дастарханы, өмірге көзқарасы, тектілігі деңгейлесі болғаны да жастардың жарасып кетуіне жол ашады. Екі түрлі әулеттен шығып, екі түрлі тәрбие көрген адамдардың бір-біріне сіңісуіде қиынға соғады. Менталитет, түсінік деген нәрсе аса маңыздылықпен ескерілуі тиіс. Осының бәрін елеп-ескерген қазақ: «Тең теңімен, тезек қабымен» деген тобықтай түйін айтқан. «Ұрықтықтарыңызға орынды таңдаңыздар және теңдестеріңізбен тұрмыс құрыңыздар» (Ибн Мәжжаһ) деген хадис те осыны нұсқайды. Жүсіп Баласағұн бабамыз бір өлеңінде:

«Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,

Пәк, ұятты болсын жанның тұнығы.

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,

Сенен өзге еркек жүзін көрмеген» деген екен.

Яғни, ризықты беруші – Алла ғана. Байлық бірде бар, бірде жоқ. Сондықтан, тектілікті бірінші орынға қойып, текті жерден қыз алғаны абзалырақ. Абай атамыздың мына бір өлең жолдары жар таңдаудың тамаша формуласы бола алады: «Жасаулы деп, малды деп байдан алма,  Кедей қызы арзан деп құмарланба.  Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма».

Алайда, бізден бұрын өмір сүрген және ең жақсы жар бола білген ізгілер жар таңдаудың әдістерін, қағидаларын, маңызын жан-жақты айтып кеткен. Жаңалық ашудың қажеті жоқ. Әсіресе, күллі тіршіліктің Иесі болған Алланың көкейіне құйғанын ғана сөйлейтін Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттері әр адамға дұрыс бағдаршам болмақ. Егер адам баласы сол салихалы салтымызға сіңген, имандылыққа құрылған қайталанбас қағидалар бойынша жүрсе, онда үйлену аса түсіністікпен, сүйіспеншілікпен орындалар еді. Нәтижесінде, олардан дүниеге келетін ұл-қыздар иманды, көркем мінезді, ибалы болмақ.

ummet.kz

Бөлісу: