29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Күйеуіңізді қарсы алу ең маңызды нәрсе екенін білесіз бе?

Күйеуіңізді қарсы алу ең маңызды нәрсе екенін білесіз бе?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Күйеуіңізді қарсы алу ең маңызды нәрсе екенін білесіз бе? Көп әйел осыған аса қатты мән бермейді.

“Онсыз да үйде жұмысым көп”

“Соған қараймын ба, әлде балаға қараймын ба?”

“Ерігіп жүргендер өздері қарсы ала берсін, ал менің ондай уақытым жоқ”

“Ойбай, өйтіп жүргенде мына киімдерді кім үтіктеп береді маған сонда?”

“Тамағымды істеп үлгере алмай жатқанда қайдағы қарсы алу?”

Міне, осы секілді тізімді ұзыннан-ұзақ соза беруге болады. Алайда, ер адамды, күйеуіңізді қарсы алуға негізі аса көп уақыт керек емес. Ары кетсе, «Келдіңіз бе?» деп күліп қарсы алып, қолындағы сөмкесін, пакетін алуға 10 минут кетеді. Кейде, тіпті, одан да аз.

Үтіктелмеген киімді, жуылмаған ыдысты сол 10 минуттан кейін де жасауға болады.

Бұны неге айтып отырмыз?

Себебі, ер адам үшін жұмыстан келгенде әйелінің оны қарсы алуы, оған арнайы уақыт (внимание) бөлуі аса маңызды. Бұл ер адамның өз-өзіне деген сенімділігін, еркектігін оятады. Турасын айтқанда, рухын көтереді.

Біліңіз, жетістікке жеткен, қоғамда орны бар әр табысты еркектің артында оны қолдап, арқасынан қағып, сенімділігін оятып отыратын дана ӘЙЕЛ тұр!

Дәл сол секілді әйелге де жылы сөз айтып тұру, істеген тамағын мақтап, киген киіміне, шашына, түріне комплимент айту аса маңызды. Су құймаған гүл күннен-күнге солып, бір күні қурап қалатыны секілді, күйеуінен жылу көрмеген әйел де бір күні күйзеліске ұшырайды.

«Түбітті жүн етеді түте алмаған,

Әйелді күң етеді күте алмаған»

Қазақтың осы мақалын жадымыздан шығармайық, ер жігіттер!

ummet.kz

Бөлісу: