19
Жұма,
Сәуір

һижри

Сізге осы дүниеде ең жақын адам кім?

Сізге осы дүниеде ең жақын адам кім?

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар», – дейді («Лұқман» сүресі, 14-аят).

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен а

Ана – әрбір адамның ғұмырдағы ең жақын жанашыры, сырласы және ақ ниетті тілекшісі. Кез келген пенденің ішкі дүниесінің әсемдігі, мінезінің ерекшеліктері анасының ақ сүтімен бойға дариды.
«Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Я, Расулулла, қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ, Алла Тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді», - деп жауап берген екен  (Р. Насихин).

Абдуррахман әкесінің риуаятында: Расулулла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш қайтара: "Ауыр күнәлардың ішіндегі ең ауыры қандай күнә екенін сендерге айтайын ба?", - деді. Адамдар: "Йа, Расулулла, айтыңыз", -  дейді. Сонда Расулулла: 

- Алла тағалаға серік қосу, Ата-ананы құрметтемеу және мұсылман тобынан қашу. Ата-ананы құрметтемеу – яғни,  ата-ананы ренжіту, оларды қапаландыру және тілін алмау. Адамның бұл күнәға ұрынуы үшін ата-ананың ренішін «мен балам саған ренжідім» деп сөзбен айтып жеткізу шарт емес. Көңіліне кірбің түсірудің өзі жеткілікті, – деген екен. 

Алла Расулы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің терең мағынасына бойлай отырып, перзент бойындағы ана хақысының өте жоғары екендігіне көз жеткіземіз.

ummet.kz

Бөлісу: