26
Жұма,
Сәуір

һижри

Балам тілімді алмайды, қалай тәрбиелесем болады?

Балам тілімді алмайды, қалай тәрбиелесем болады?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бір күні Омар халифаға бір егде тартқан ер кісі келіп “Балам тілімді алмайды” деп қасындағы баласын көрсетіп шағымданады.

Омар енді баланы тыңдайық дейді. Сонда бала “Ей, халифа!” деп тіл қатады. “Ол өзінің әкелік міндетін атқарды ма екен? Соны неге сұрамайсыз? 1) Ол менің шешемді күң базардан сатып алды. 2) Маған Қоңыз деп ат қойды. 3) Құранның бір әріпін де үйреткен жоқ” дейді. Бұны естіген Омар әкесіне қарап “Бәрін өзің бүлдірген екенсің ғой” дейді.

“Балам опасыз болып шықты” деп жатады. “Құдай неге маған осындай бала берді?” деп Құдайды кінәлап жатады.

Шын мәнінде, бала жеміс ағашына ұқсайды. Сіз оған су құйып, бірақ арам шөбін отап, жан-жағын күзеп отырмасаңыз қалай болса солай өседі (жеміс бермеуі де мүмкін). Сол сияқты, баланың да тамағын тауып беріп, бірақ тәрбие, бағыт-бағдар беріп отырмасаңыз қалай болса солай өседі.

Басқаша айтқанда, Алла Тағала сізге “бос ыдыс” береді. Сіз оған жеміс салсаңыз, жеміс себеті болады. Қоқыс салсаңыз, қоқыс шелегі болады.

ummet.kz

Бөлісу: