03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ажырасу себептері: Ата-ененің келінге көзқарасы

Ажырасу себептері: Ата-ененің келінге көзқарасы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасы бақытына ата-ененің де қосар үлесі мол. Олар ең алдымен келінін өз баласындай бауырына баса білулері керек. Сонда келіндері де бақытты, ұлдарының да жаны тыныш болады.

Көбіне ененің көрегендігі келіннің аңғалдығы мен орашолақтығын бүркеп қалып жатады. Тұрмысқа енді араласып жатқан жас келіннің кемшіліктерінің көп болуы орынды. Мұндайжағдайда ененің кешіре білсе болғаны. Оның үстіне біреудің әлпештеген қызын келін етіп түсіргеннен кейін оны тәрбиелеп алу ененің міндеті.

Келіннің үлкенді-кішілі қателіктерін жұмсақ тілмен ескерте отырып үйрету керек. Ене мен келіннің татулығы кішіпейілдік, кешірім, парасат секілді мінездерде жинақталған. Ал, бұл жерде ең бірінші түсіністік енеден күтіледі. Себебі көпті көрген ененің өмірлік тәжірибесі мол. Тіпті келіні жасаған қателіктерді бір кездері өзі де жасаған болар. Осыны ойлаған ене ақ босағадан енді аттап, оңы мен солын танымаған жас келінге терең түсіністікпен қарай білсе, олардың жарастығына сызат түсер ме? Ене мен келін тату болса, шаңырақтың шаттығы артады, екі жастың арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық пен құрметтің бұғанасы одан сайын беки түседі.

материал «Исламдағы жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: