23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ерте жаста некеге тұру мен мәжбүрлі некенің зардаптары

Ерте жаста некеге тұру мен мәжбүрлі некенің зардаптары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасылық байланыс мықты болуы үшін, отбасылық және  өмірлік тәжірибелері бар жан-жақты жетілген, өзіндік көзқарастары қалыптасқан ер мен әйелдің некелік қарым-қатынасынан үлгі алу керек. Сондықтан әрбір отбасын құрамын деуші жастар алдымен ата-анасының отбасындағы жылуын, тәрбиесін алып, білім алып, өздерін психологиялық, рухани және материалдық құндылықтарын қалыптастырып, қажеттіліктерін өтей алған кезде ғана ересек өмірге дайын болады. Ал олардың физиологиялық дене бітімдері толық жетілген сау болуы керек. Қыз балалар – дендері сау ұрпақты дүниеге алып келетіндей, өздерінің денсаулықтары мен өмірлеріне қатер туындатпайтын денсаулықтары болуы керек.

Себебі жасөспірім ерте жаста жүкті болған қыздардың жүктілігі мен босануы – бұл медициналық-әлеуметтік мәселе, бұл қыз бала жас болған сайын қауіпті болатын мәселе. Қасиетті Құранда: «Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші», – («Нұр» сүресі, 32-аят).

Статистикаға сүйенсек, ересектер арасындағы некелердің аз мөлшері ғана ажырасумен аяқталады, яғни ең төменгі деңгейіне ие, осы жастағы некелер берік болады. Бірақ біз мұнда, өкінішке орай, қазіргі мұсылман қоғамында орын алатын ерте мәжбүрлі неке тақырыбын толығырақ қозғаймыз. Қазіргі кезге дейін кейбір мұсылман қауымдастықтарында әйел (қыздар) тең құқықты адам ретінде емес, тек екінші деңгейдегі нәрсе (зат) ретінде қабылданады, сондықтан әйелдерді пайдалану, олардың алдындағы құқықтары мен міндеттерін сақтамау көп кездесетін жағдай (біз ерлер мен әйелдердің құқықтар мен міндеттері жайлы толық бір тарауда сөз еттік).

Мұндай отбасыларда қыз баланы жас кезінде-ақ, балиғат жасына жетпей тұрмысқа беруі мүмкін. Сонымен қатар «келін ұрлау» дәстүрі бар, бұл да өзекті мәселе. Мұндай әрекет ислам әлемі мен ақыл-парасат тұрғысынан қарасаңыз мүлдем жөнсіз. Бұл тыйым салынған әрекеттердің жиынтығын қамтиды және үлкен зұлымдыққа, тіпті қантөгіске әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, ұрланған қыз өзі танымайтын бейтаныс адаммен тыйым салынған іске (харамға) алып келуі мүмкін. Бұл исламда зинаға ұқсайды. Ол туралы Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Ер адамның бейтаныс әйелмен жалғыз қалуына болмайды.

Сондай-ақ әйелге жанында жақын туысы (махрам) болмаса, жалғыз жолға шықпауы керек» (Бұхари, Мүслим). Міне жоғарыда айтқандай қызды алып қашуға болмайды. Яғни қызбен некесіз жақындасу күнә. Осылайша ер адам қыз баланы қоғам мен оның отбасы алдында пәктігінен айырылған деп көрсетіп, ол қыздың арына қатысты әрдайым күмән туғызады. Ал қызының осындай жолмен арынан, пәктігінен айырылуы оның отбасы үшін ұят. Бұл жайлы қасиетті Құранда: «Расында абыройлы мүмінге, ақ ниетті әйелдерге жала қойғандар дүние, ақыретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар»(«Нұр» сүресі, 23-аят).

Бұл аят өздерінің жаман жорамалдарын айтып, сол арқылы жалған қауесеттің таралуына ықпал еткендер туралы түсірілген.Неліктен қыздар түрлі жаман күнәларға бой алдырады, тап болады? Ата-аналары, ағалары оларды тастап, өздеріне ауыр және ұят санайтындықтан. Бірақ Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Мен саған ең керемет қайырымдылық (садақа) не екенін көрсетейін бе? Бұл саған оралған сенің қызың» (Ибн Мәжа).

Ханафи мәзһабы қызды мәжбүрлі түрде некеге отырғызу мүмкіндігін жоққа шығарады. Ал қалыңдықтың еркіне қарсы жасалған неке жарамсыз болып саналады. Негізсіз болмас үшін «Ханафи фиқһ. Никах» бабына жүгінетін болсақ: «Егер олардың екеуі де немесе олардың ең болмағанда біреуі некеге тұруға келіспесе, неке жарамсыз болады. Өйткені қалыңдық пен күйеу жігіт некеге тұрады, демек, олардың келісімі, коммерциялық мәміле жасалған кезде серіктестердің келісімі сияқты, жарамдылықтың алғышарты болып табылады. Жаһилия дәуірінде (исламнан бұрынғы қараңғы кезең) арабтар әйелдерді олардың келісімін сұрамай-ақ күйеуге берді. Ал исламда бұған тыйым салынды. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі борлсын) әйелге үйлену мәселесінде кеңес беруді бұйырды» (Абдалхамид Тахмаз. Ханафи фиқһы. Отбасы және неке қатынастары).

Әбу Һұрайра Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Ерлі-зайыптылармен ақылдаспай некеге тұруға болмайды, ал пәк қыздан оның рұқсатын сұрамай үйленуге болмайды» (Әбу Дәуіт).Сондай-ақ «Сахих әл-Бұхариде» мынадай хадискелген: «Ханса бинт Хизам әл-Ансария (Алла оған разы болсын) әкесі оны өзінің еркінен тыс екінші әйел ретінде некеге берген кезде, ол Алланың елшісіне келді және ол бұл некені бұзды», – деп хабарлаған.

Осы дәлелдердің барлығы әйелдің келісімі арқылы некенің жарамды болуының басты шарты екенін көрсетеді. Қарастырылып отырған құбылыс діни емес, әлеуметтік сипатқа ие, біз мұны ислам діні тұрғысынан негіздеуге тырыстық. Әр нәрсенің белгілі бір даму жолы бар: біз физиологиялық тұрғыдан әр түрлі жетіліп, отбасылық өмірге әр түрлі жолмен дайын болатынымызды айттық. Сондықтан есейген сайын ер балаларды да, қыздарды да, үйленуге дайындау қажет, оларға кеңестер беру керек. Көптеген отбасыларда олар көбінесе қыздарды қатал ұстауға тырысады, мұны оның болашақ ана екендігімен түсіндіріледі, ал ер балаларды еркелету мен көп қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді. Жалпы отбасылық қатынастардың басты қасиеті ерлі-зайыптылардың екеуінің де адалдығы, бір-бірінің құқықтарын білу және міндеттерін сақтау болып табылады.

Екінші жағынан, мұсылмандардың құдіреті шексіз Алланың ғана алдында емес, сонымен қоса олардың жұбайлары, мемлекет және қоғам алдындағы атқаратын міндеттері де бар, оларды сақтау мен орындау өте маңызды.

Құран Кәрімде Алла Тағала былай деген: «Әй, мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар... » («Мәида» сүресі, 1-аят).

материал «Некеге тұратын жастарға арналған жаднама» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: