23
Сенбі,
Қараша

һижри

Отағасының міндеті: Жұбайының білімін жетілдіруіне жағдай жасау

Отағасының міндеті: Жұбайының білімін жетілдіруіне жағдай жасау

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде білімнің мұсылман ер мен əйелге ортақ парыз екенін айтқан. Хадисте сөз болған үйренуі парыз білімнің саласы – діни ілім. Дінді үйрену – өмірді үйрену. Өйткені дін өмірдің барлық қатпарын қамтитын, қиындық атаулының барлығын шешуге қабілетті үлкен мектеп.

Ислам діні əйел баласының өмірдің бұл мектебінен мақұрым қалуына жол бермейді. Себебі əйел болашақ ұрпақтың бастамасы, өнегесімен қоғамның өзін өзгерте алатын тұлға. Ал оның тəлім көкжиегі кең тəрбиеші болуы үшін білімінің де тереңдігі қажет. Баласын жақсы жолмен өсіріп, оның діни мəліметтерді бойына сіңіруі, Ұлы Жаратушысын танытып, Пайғамбары туралы жақсы ой кеудесіне ұя салуы үшін ананың өзі сондай діни түсінікке ие болуы керек. Баланың жастайынан алған білімі мен ізеті оның болашақ тұлғасын қалыптастырады. Ойы терең, нəпсісін тізгіндей алар əйел тек жақсы ана ғана емес, шаңырақтың шаттығына себеп болатын жақсы жар да. Сондықтан əйелдің діни білім үйренуі өте маңызды. Ислам дінінде əйелдің білім алуына тыйым салатын ешқандай аят-хадис жоқ. Керісінше, білім алуды ер мен əйелдің екеуіне де міндеттеген. Ислам тарихына көз жүгірткенімізде, білімі арқылы үмбеттің тірегіне айналған көптеген əйелдерді көреміз. Əсіресе Айша анамыздың (р. а.) бұл салада орны ерекше. Пайғамбарымыздан кейін діни мəселелердің көбі Айша анамыздан сұралған. Осылайша, Айша анамыз (р.а.) сахабалардың, табиғиндардың ұстазы болған.

Кезінде сахаба əйелдер де діни білімдерін тереңдеткен. Олардың қарасы көбейгендіктен Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) арнайы күн белгілеп, сабақ беріп, сұрақтарын жауапсыз қалдырмаған. Мұсылман əйелдің бірінші ұстазы күйеуі болуы тиіс. Егер күйеуі діни білімді үйрете алмаса, онда ұстаз табуы немесе бір ұстазға барып білім алуына жағдай жасауы қажет. Бірақ бұл жерде ескеретін мəселе, əйелдің білім алуына жағдай жасау барысында харамға қолды былғамауға да мəн берілгені жөн. Бірінші кезекте əйел баратын жерінде ер кісілермен араласып отырмайтындай жерді таңдағаны абзал.

материал «Исламдағы жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: