Қарапайымдылықтың туа бітпейтінін, уақыт өте келе жұғатындығын ескеріңіз. Бұларды ылғи да қайталап отырған жөн.
?Таңертең балаңызға «қайырлы таң!» деп айта жүруді ұмытпаңыз. Сізге көмектессе, «рақмет» айтыңыз.
?Үй ішінде ата-ана ретінде бір-біріңізді сыйлаңыздар. Балаңыздың көзінше бір-біріңізбен айғайласып ұрыспаңыздар. Сіздердің бір-біріңізді сыйламауыңыз оны көрген балаларыңыздың да сіздерді сыйламауына әкеледі. .
?Балаларыңызға бір нәрсе үйретерде шын ықыластылық танытып, өте бір кішіпейілділікпен үйретіңіз.Егер күштейтін болсаңыз, балаңыз да зорлықшыл болып өседі. Қаншалықты түсіністікпен жүрегіне жол тапсаңыз, соншалықты оңды нәтижеге қол жеткізесіз.
материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,
ummet.kz