Егер жоғарыда аталған шарттардың барлығы түгел болса, онда неке дұрыс деп табылады.
Ал оны қандай орында қиып, тіркелгендігінде тұрған еш ерекшелік жоқ. Дегенмен әлемнің көптеген елдеріндегi неке рәсiмдеу үрдiсiнде шариғат шарттарының толығымен орындалуына мән берiлмейтiнi рас.
Неке қиюшылар Исламда талап етілген шарттардың толық орындалғанын не орындалмағанын ескере бермейдi. Ендеше, мұндай некелердi қалайша дұрысқа жатқызамыз?!
материал «Жұбайлар шаттығы» мақаласынан алынды,
ummet.kz