23
Сенбі,
Қараша

һижри

Отбасы бақытын мына нәрселер құрайды

Отбасы бақытын мына нәрселер құрайды

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ең алдымен жанұядағы бақыт екі жақтап іске асырылатын шаруа екенін түсінуіміз керек. Оның негізін мына мәселелер құрайды:

1) Бір-бірімен тіл табыса білу;

2) Бір-біріне түсінікпен және ақылға салып қарым-қатынас жасау;

3) Жанкештілік, пида болуға әзір болу. Ал бұлар өз алдына ахлақи тәрбие, парасаттылық пен ақылдылық, пейілділік пен бірбірінің жанын сезіне білу арқылы мүмкін болмақ.

Сондай-ақ бұрынғылар көп мән берген қарым-қатынас әдептері екі жақта мына бес ерекшеліктің болуын талап етеді:

1) Діндарлық, 2) Тәрбие, 3) Махаббат, 4) Мейірімділік, 5) Туралық пен адалдық сезімге деген беріктік.

Осы сипаттардың әйелге де, еркекке де қажеттілігі күнделікті орын алып жатқан отбасылық апаттардан бұрынғыдан да айқын көрініп келеді. Дәл қоғамдағыдай, отбасы ішінде де діндарлық пен тәрбиелілік барлық көркем ерекшеліктердің негізі болып табылады. Өміріне дінді дұрыс және көркем түрде енгізген, ахлақи көркемдіктер мен тәрбиелілік жайлаған отбасылар адамдарға екі дүниенің де бақытын сыйлайды. Ал, керісінше, діннен алыстаған және тәрбиеден жұрдай жерлерде жанұя мүшелерінен бастап отбасы мен қоғам түгелімен залал көреді. Мұндағы діндарлық дегенді дұрыс түсіну керек. Адам баласы әрі діндар, әрі қатты мінезді, көргенсіз, оңбаған болуы мүмкін емес. Өйткені Ислам діні басынан аяғына дейін биязылықтан, тәрбиеліліктен және әдептен тұрады. Яғни, діндарлық дегеніміз көркем әдеп, көркем әдеп және тағы да көркем әдеп.. Бір ақынның жырға қосқанындай: Әдеп нұрлы тәж екен, Аллаһтың нұрынан, Сол тәжді ки де, Аман бол әр бәледен...

Хазіреті Мәуләнә айтады: «Ақылым жүрегімнің құлағына еңкейіп, сұрапты: «Дін деген не?» Ал жүрегім былай деп тіл қатты: «Дін әдеп емей немене!» Махаббатқа келер болсақ, ол да жанұяның азығы мен қазығы. Махаббат азайған жерде сезімдер қорланған жерде жанұя да шайқала бастайды. Махаббат дегеніміз екі жақты болып келеді. Өйткені махаббат жүректердегі физикадағы біріккен сауыттар секілді бірбірінен әсер алуға ыңғайлы күйге келтіреді. Адам қаншалықты сүйсе, соншалықты өзі де сүйікті болады. Сондай-ақ махаббат артқан сайын іс-әрекеттер мен сөздер де жіңішкеріп, нәзіктеніп, сый құрметпен безенеді. Махаббат еш уақытта дөрекілікті қабыл етпейді, белгілі әдеп шегі міндетті түрде болуы керек. Махаббат пен мейірім және оған ұқсас барлық сезімдер үнемі белгілі тепе-теңдікте болуы тиіс. Махаббаттың шектен тысы зиян беретініндей, сүйгендерімізді махаббаттан мақрұм қалдыру оларды сырттан махаббат іздеуге итермелейді.

Махаббаттың тек нәпсі қалауларына ғана тиісті жағы алынып, шектен шығуы шектен тыс қызғаншақтық пен басқа да қателіктерге апаратындай, назардан тыс қалуы да махаббат отының сөнуіне апарады. Бұлардың екеуі де отбасы үшін үлкен апат. Мейірімділік те сол сияқты. Шамадан артық немесе жеткіліксіз мейірімдіктің де тигізетін зияны көп. Артық мейірім адамды әлсіретеді, өте зиянды, күйретуші қателіктерге хош қарауға итермелейді. Бұл мейірім емес, жүректің әлсіздігі деуге болады. Сонымен қатар мейірімнің аздығы да жүректі қатайтады, адамды зұлымдық пен дөрекілікке итереді. Орта жолды ұстанып, әрі тәтті, әрі қатты бола білу – нағыз жемісті мейірім. Осындай мейірім жанұяға бақыт әкелетін мейірім. Ең мейірімді ата-аналар – бір-бірін, балаларын таң намазына оятып, жан балапандарын барынша ахіретке дайындайтындар. Туралық туралы айтатын болсақ, ол екі жақ болып бірігіп көңіл бөлетін жәйттардың бірі. Туралық дегеніміз адамның сөзі мен ісіне, сезіміне берік болып, жалған араластырмау деген сөз.

материал «Дүниедегі Жәннат тұғырлы отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: