22
Жұма,
Қараша

һижри

Әйел мен еркектің жаратылысындағы айырмашылық

Әйел мен еркектің жаратылысындағы айырмашылық

Исламдағы отбасы
Жарнама

Еркек пен әйел бір-бірінен өзгеше, бірақ бірін-бірі толықтыратын жаратылыс. Алла Тағала әйел мен ерге өздеріне тән ерекшеліктер сыйлады. Мысалы, балаға эмоционалды тәрбие беріп, сөйлеуді үйретсін деп, әйелді эмоционалды және сөзшең етіп жаратты.

Сонымен қатар, ол үйін жылы шыраймен безендіріп, оны әшекейлеуі үшін әйелдің эстетикаға деген сүйіспеншілігін қалыптастырды. Әйтсе де ол ренжігіш, нәзік, кербез және әлсіз табиғатқа да ие. Бәлкім, әйелдердің бұл табиғаты олардың төмендігін емес, толықтырғыш қасиетіне байланысты болар. Осылай, нәзіктігі мен кербездігі арқылы ерінің назары мен сүйіспеншілігін алады.

Жанашырлық қаhармандарын қудалау

Сүйікті жар және ана болу сияқты онсыз да өте маңызды міндеті бар жанашырлық қаһармандарына, енді барып: «отбасын басқар немесе күйеуіңнің жауапкершілігін теңдей етіп бөліп ал» деп айту – барып тұрған әділетсіздік деп білемін. Оның жаратылысына теріс, басты міндеттерін елемеуге итермелейтін мұндай жаңа міндеттер – әйелдердің рухани және биологиялық құрылымына қайшы. Мұндай ауыр әрі агрессивті көшбасшылық, негізінен, ер адамның жаратылысына сәйкес келеді. Бұл мәселеде әйелді шектеу – оны кемсіту немесе менсінбеуді емес, оны және оның міндетін құрметтеу дегенді білдіреді.

Ер адамға тән жауапкершілікті әйел алатын болса, табиғатына қайшы әрекеттері оны моральдық тұрғыда қатты қинайды. Сондай-ақ оның күйеуі өзін дәрменсіз сезініп, әсіресе, ұлының психикасы жараланады.

Жауапкершілік өрісін бөлу арқылы – көңіл жай табады

Қазіргі «лидерлік» ұғымы нағыз көшбасшылық түсінігінен қатты алыстап кеткен. Негізі, барлық нәрсені бір адамның толықтай қолда ұстап, бақылауы мүмкін емес қой?! Сол себепті жауапкершілікті салаларға бөлу өте маңызды. Жалпы біздің аталарымыздан келе жатқан мәдениетіміз бойынша, жауапкершіліктер ерлі-зайыптылар арасында бөлінеді. Үйдің ішкі шаруасы мен бала тәрбиесіне көбінесе әйелдер, ал еркектер болса, үйдің экономикасы мен қауіпсіздігіне жауапты. Әрқайсысы өз жауапкершілік саласында ең дұрыс шешім қабылдай алады. Туындаған проблеманы шешу үшін, мәселе кімнің өрісіне қатысты болса, соның пікіріне көбірек жүгініп, шешім қабылдау – отбасын басқарудың ең дұрыс жолы болмақ. Салалар рационалды және дұрыс бөлінсе де, түпкілікті шешімді қабылдайтын бір адамның болуы шарт. Ал бұл рөл психологиялық және  биологиялық тұрғыда әлдеқайда сай келетін үйдің еріне табысталу керек.

Әйелдер мен ерлердің арасында билікті тең етеміз деп ұрыс-жанжалдың себебіне айналдырған әділдік пен теңдік жақтаушылары, ажырасу санын көбейтіп, ерлерді міндеттерінен айырып, отбасыларды дүрліктірді. Осы жағдайды құтқару үшін жауапкершілік саласын бөлсек, отбасы мүшелерінің көңілдері жай таппақ.

материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: