Айша (р.а.) анамыз қыз-келіншектерге үнемі жабық киініп жүруді ескертетін. Өзі де бұған аса мән беретін. Дін өлшемдері тұрғысынан алғанда өзге мұсылмандарға ана болып саналса да, мұқият қарап, туыстығы жоқ, бөтен адамдармен міндетті түрде ара қашықтық сақтайтын.
Кейбір көзі көрмейтіндердің алдында да әдебін сақтап жабық киінуге тырысатын. Бір күні жанына табиғиннің алдыңғы қатарлы адамдарынан хазірет Исхақ келгені сол еді, анамыз тағы да перденің арғы жағына өтті. алайда, хазірет Исхақтың көзі көрмейтін, анамыздың бұл әрекетін жатырқап:
– менен де сақтанып жатырсыз ба? мен сізді көрмеймін ғой, – дегенде, оған:
– сен мені көрмеуің мүмкін, бірақ мен сені көремін ғой – деген еді.
Туысы болса да жанына көкесі келгенде қысылатын. Бұл әрекетіне тосырқай қарағандарға:
– Мені емізген оның әйелі болатын, өзі емес, – дейтін. Өзінше пайым жасап үкімі осындай болар деп түйген. сұраған кезінде расулалла (с.ғ.с) оған:
– Туыс болғандықтан көкеңнің жаныңа келуіне рұқсат ет, – деп түсірді.
Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, расулалланың екі немересі Хасан мен Хусейін қасына келгенде де басына жаулық салатын. сондықтан хазірет Хасан мен Хусейін пайғамбарымыздың әйелдеріне жиі бармағанды жөн көретін, өйткені, аналарымыздың қысылатынын білетін.
– Хазірет Айша (р.а.) ғибадат үшін де көпшіліктің арасына қосылмай адам аз кезде тауап жасауды дұрыс көретін. Қағбаны тауап етіп жүргенде әйелдердің бірі:
– Әй, мүминдердің анасы! Кел, сәлем берейік, – деп қара тасқа бірге баруды ұсынғанда, оған «Осыншама адамның арасында ма?» дегендей кейіп танытқан.
Осындай ұяттылығын білетіндер анамыздың мәтафқа келетінін ести сала ол жерден ер кісілерді шығарып, еркін тауап етуіне жағдай жасайтын. Тіпті, осы үшін арнайы кісілер тағайындалып, мәтафты Айша (р.а.) анамыз тауап ете алатындай етіп әзірлейтін.
Шейіт етілген хазірет Омар (р.а.) өз бөлмесіне жерлен- ген соң сүйікті жары мен әкесінің қатар жатқан қабірін бұрынғыдай зиярат етпейтін болды. Ендігі жерде хазірет Омардан ұялып, зиярат кезіндегі киіміне мұқияттылығын арттырды.
Дәріс берген кездерінде де әдебін сақтаған. Өзінен сұрақ сұрап келетіндер көп еді. Тіпті табалдырық тоздырып келушілер жас талғамайтын. арасында жиенінен бастап алыс-жақын туыстарына дейін келетін. Туыстарымен жолығысу қиындық тудырмайтын. ал басқа адамдармен анамыздың арасында әрдайым бір перде болып, дәріс кезінде осы перденің арғы жағынан өтетін. Бір айырмашылық туындағанда қолымен ымдап көрсететін. Табиғин имамы мәсруқ бұл жағдай туралы былай дейді: «Перденің артынан мен оның қол соққанын еститінмін».
Мұқияттылық сақтай отырып, сабақты пайдалы етіп өткізуге тырысатын. Кейде сабақ алу үшін өзіне жиі келуге мәжбүр болғандардың ең жақындарының бірінен сүт алып, ғылым үшін олармен көбірек кездесуге мүмкіндік табатын. Өйткені, Алла елшісінің (с.ғ.с) хазірет Әбу Хузайфаның әйелі Сәһлә бинти Сүхәйл үшін осындай рұқсат бергенін және оның жасы ер жетсе де хазірет сәлимге сүт беріп, өз араларында туыстық қатынас құрғанын білетін.
Қажет кездерде туыс шәкірттеріне өз білгендерін іс жүзінде көрсететін. мысалы, жақын туыстарының бірінің сәлим деген құлы бар еді. Сол бір күні келіп анамыздан дәрет алу туралы үйренгісі келеді. Оған анамыз Алла елшісінің (с.ғ.с) қалай дәрет алатынын көрсетеді. Бұл жерде ешқандай айып жоқ болатын. Өйткені, Сәлим анамыздың туысының құлы болатын, осы жағынан оған жақын саналатын.
Арадан біраз уақыт өткенде сол кісі тағы келіп:
– Әй, мүминдердің анасы! Маған дұға ет! – деді. – не үшін?
Сонда қуанышын анамызбен бөліскісі келген
Сәлим:
– Алла маған азаттықты бұйыртты, – дейді.
Сонда анамыз оған:
– Әп, бәрекелді! Құтты болсын! – деді де дереу пердені түсірді. Өйткені, енді ол бөтен адам еді, сол күннен бастап Сәлиммен тек перденің артынан сөйлескенді жөн санаған.
материал «Хазірет Айша» кітабынан алынды,
ummet.kz