1. Діндар, тақуа болуы.
Хадисте: «Әйел төрт нәрседе некеленеді. Дүниесі, тегі, сұлулығы және діні. Сен діндар, тақуалығын таңда. Сол кезде берекетке кенелесің» (Бухари).
Бірақ басқа бір хадисте үш ерекшелік айтылады. Мұның арасында «тегі» деген ерекшелік жоқ.
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйел алғанда оның тек қана сұлулығы және байлығы үшін үйленудің кедергі жақтары бар екендігін айтады. «Әйелдерге тек қана сұлулықтары үшін үйленбеңдер. Кейде сол сұлулықтары мінез-құлықтарының төмендеуіне апаруы мүмкін. Оларға дүниесі үшін ғана үйленбеңдер. Өйткені дүниесі азғындауына жол ашуы мүмкін. Оларды тақуалығы үшін үйленіңдер. Сөзсіз тақуа болған ескі киімді бір күң тақуа болмаған әйелден әлде қайда жоғары» (Ибн Мәжә).
2. Әйелдің көп туатын болуы.
«Ері жақсы көретін көп туатын әйелмен үйленіңдер. Өйткені мен қиямет күнінде өзге үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңді мақтан тұтамын»
3. Үйленуде тұрмыс құрмаған қыздармен үйлену.
«Үйлену үшін тұрмыс құрмаған қыздармен үйленіңдер.
4. Тақуалығы мен қанағатшылдығымен танылған бір отбасында өсуі. Бала да соған ұқсайды.
5. Текті отбасының қызына үйлену.
6. Қыздың сұлу болуы.
Үйленген қыздың тақуа болумен қатар әдемі болуы да таңдау алаңына кірген дұрыс. Өйткені әйел ерін өзіне тартып харамнан сақтайды. Хадисте «тағы да қандай әйел жақсы» деп сұрағанда Пайғамбарымыз «Ері оған қараған кезде жүрегіне қуаныш ұялайды. Бір нәрсе айтса екі етпейді. Өз дүниесі мен жеке өмірінде ерінің жақсы көрмеген нәрсесін жасамайды» (Ханбал).
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,
ummet.kz