16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жаңадан отбасын құрған ер мен әйелге кеңес

Жаңадан отбасын құрған ер мен әйелге кеңес

Исламдағы отбасы
Жарнама

Келінге кеңес:

Келін алғашқы күннен бастап тамағына, ішіп-жеуіне мән беруі керек. Кейбір азықтар зиянды болуы мүмкін. Өйткені хадис шәрифте былай делінеді: «Келін алғашқы аптада айран, ашыған нәрсе, тұздалған (маринованный) көкөністер және қышқыл нәрсе жемеуі керек. Бұлар бала болуына кедергі болуы мүмкін. Ашыған нәрсе жеген әйелдің хаиз көруі қиын болады және хаизы (етеккір циклы) ретсіз болады. Қышқыл алма жеу хаиз қанын тоқтатады. Бұл болса басқа ауру тудырады.»

Еркекке кеңес:

Әйелімен жақсы мәміледе болу, оған күлімдеп қарап, жылы жүз танытуы тиіс. Оның қате әрекеттеріне ақылға қонымсыз сөздеріне сабыр етуі тиіс. Оның дәрежесіне, түсінігіне бейімделуі қажет. Онымен қалжыңдасып ойнауы керек. Азық-түлік, киім-кешек мәселесінде қолынан келгенше кең болуға тырысу керек.

Дінімізде әйелдердің білуі парыз болған нәрселерді әлбетте үйретуі керек. Әйелдің киінуіне, үйден сыртқа шығуына, өте мұқият болуы керек және өз бетімен жібермеу керек. Өзін және әйелін күмәнға, жалаға түсіретін жағдайлардан сақтануға қатты мән беру керек.

Әйелін бөтен еркектер болған жерге жібермеуі керек, бөтен еркектерді көруіне кедергі болуы керек. Үй істерімен уақыт өткізуі оның зауқы болуы керек. Онымен қатал мәміледе болмауы керек.

Қалжыңдап та, ашуланғанда да ешқашан “ажырасу” деген сөзді ауызға алмау керек, ешқашан “екіншіге үйлену” сөзін қозғамау керек. Қорқыту үшін де, қалжыңдап та ажырасу сөзін мүлдем қолданбау керек. Тіпті ажырасуға шешім қабылдаса да бұл сөздерді қолданбау керек. Өйткені кейінірек ажырасу ниетінен қайтуы мүмкін. Жақындарымен, достарымен ақылдасқаннан кейін ажырасуға нақты шешім қабылдағаннан кейін барып бір талақ беру керек. Еш қашан үш талақты бірден бермеу керек. Үш талақты бірден беру харам болып табылады. Өмірдің шарттары адамды көп нәрселерге сабыр етуін, төзуін керек етуі мүмкін. Болмайды деген нәрсе болуы мүмкін. Бір талақпен ажырасса, харам істелмеген болады әрі қайта кіру есігі де толығымен жабылмаған болады. Ажыраспау ешқандай қауіп бермейді. Бірақ ажырасу, әсіресе үш рет талақ беру өте үлкен қауіп. Кері қайтуға мүмкіндік болмауы мүмкін.

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: