23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ене мен келіннің арасындағы жанжалдың негізі – тәкәппарлық

Ене мен келіннің арасындағы жанжалдың негізі – тәкәппарлық

Исламдағы отбасы
Жарнама

Нағыз сабырлылық – соққы кезінде болған сабырлылық. Шынайы сабыр етіп тұрған кезде жасалған дұға қабыл болады. Дәл осы кезде Алладан жәннәтті сұрап алсақ болады екен. Бізді осындай керемет мүмкіндіктен айыру шайтан азғыратыны көрінеді.

Ене мен келін арасындағы жанжалдың негізі – тәкаппарлық. Ешкім кішірейгісі келмейді. Басқаның тәкаппарлылығын өз тәкәппарлылығын басып тастағысы келеді. Алла Тағала бізді сынақпен тәрбиелейді. Енеңізбен сыналып жатсаңыз енеңіз арқылы өсесіз, дамисыз. Демек, енеңіз арқылы Алла Тағаладан қалағаныңызды сұрап алуға болады. Әрбір сынақтан кейін екі жақсылық келеді.

Көп келіндер ата-енеден бөлек шыққылары келеді. Күйеуіңіз қай жақта тұрамыз десе, соған бойынсынуымыз керек. Ол кісі: - «Ауылда ата-анамызбен тұрамыз!» - деп айтса, Алла Тағаланың разылығы үшін барғаныңыз қайырлы болары анық. Демек, Сіз үшін ата-апаңызбен тұрғанның қайыры бар болғаны. Ата менен Апа, ол Алла Тағаладан жіберілген береке. Күйеуіңіздің табысының көп болғанын қаласаңыз, ата-апаңызбен бірге тұрғаныңыз жөн болады. Түптің түбінде – «Өмір жолы» атты кемеңіз бірге тұруға алып келеді. «Судағының жаны бір!», - демекші, «Өмір – теңіз, онда жүземін демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз!», - деген қағиданы біліңіз!

Мен күйеуімді және ата-апамды танымайтын кезде, нәпсім үшін ата-апамнан бөлек тұрғым келетін. Алла Тағалаға сансыз шүкір, Атам менен апам Жаратушымыз Жаббар Иеміздің құдіретіменен менің ойымды өзгертті. Әрине қайырлы нәтижеге жету үшін және екі тарапты еңбек қажет. Ата-анаға қызмет ету арқылы, Әр-Рахимнің разылығын алғанымыз дұрыс болады. Бірақ, бұл мүмкіндіктен, көп жағдайда, құр қалатындар бар. Жаббар Иеміз, біз үшін ненің қайырлы екенін біледі. Себебі, жүректің түбіндегі ниеттің қандай екенін білуші – Аль-Алим!

Ойланатын жайт, кез-келген іс-әрекеттің туындауына, белгілі бір себеп болуы тиіс. Дененің жарақатына, себеп, құлап түстіңіз, есікке қолыңызды қысып алдыңыз, соқтығысып қалдыңыз т.с.с. кете берері анық. Сол сияқты, кез-келген мәселенің түп-төркіні нені меңзейді, соны ұғыну керек. «Болып жатқан жақсылықтың барлығы Алла Тағала тарапынан, ал жамандықтың барлығы басқа тіршілік иесін емес, өзіңізден іздеуді әдетке айналдырыңыз»! Бірақ, қуаныш болсын, қайғы болсын, барлық Алла Тағаланың сынағына сабырменен, шүкіршілік айтып қабылдау керек. Себеп, «Алла Тағала барлық «Жаратылыс Иесіне» жамандықтың болғанын қаламайды, «жақсы болғанын қалайды». Тағдырға, болып жатқан жайтқа наразылық білдіріп, сүріп жатқан «өміріне» ренжіп, налудың орнына, - «Мүмкін жағдайым бұл жағдайдан да, қиын болса не істер едім?», «Барлық жақсылықты қалайтын Хақ Тағала, мені осы келіп түскен болмашы жайтпен сақтап қалды!», - деп, Жаббар Иемізге рахметімізді айтып, кешірім сұрауымыз керек. «Аса қамқор, мейірімді Алла Тағаланың «Аль-Қаһаар» есімін, әсте есімізден шығармауымыз қажет! «Алланың Қаһарына» ұшырайтын болсақ, барлық жаратылыстың барлығын, «Лұт» қауымына келген жайтты есімізге түсіріп, «бір тарының аузында қуырып жіберер» халі бар, «Құдіретке» ие екенін үнемі естен шығармауымыз керек.

Сондықтан, - «Екі дүниедегі Жәннатым!», - деп білетін ер азаматыңыздың «Жәннәті», өмірлік жолдасыңызға, «Әлемнің жарығын сыйлаған – ардақтап өтуге лайықты – «Мейірбан Анасының» разылығында!

материал «Ене мен келін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: