Қанағатшыл бол. Тұрмысына шүкіршілік ет. Күйеуің үйге алып келген несібесін жылы шыраймен қабылда.
Өмірлік жолдасыңа бағын. Айтқан сөзін екі етпей орында. Тапсырған ісін тыңғылықты орындап, істеме деген шаруаға мүлдем жолама.
Үй тазалығына жіті мән бер. Үйдің іші мен ауласында күйеуіңнің көзіне жаман көрінетіндей зат жатпасын.
Жаман иістен сақтан. Үйдің ішін тек хош иіс шығып тұратындай таза тұт.
Тамақтану уақытына аса мұқият бол. Күйеуін үй босағасын аттап кірсе, лезде дастархан жай.
Ұйқы уақытын кешіктірме. Күйеуің дағдыланған уақытта төсек-жайын салып әзірлеп қой.
Үй мүлкін берік ұста. Үй жиһазы, қорадағы мал мұның барлығы үлкен бейнетпен жиналады. Күйеуіңнің мүлкі сенін де дүниең.
Күйеуіңнің ата-анасы мен ағайын-туысын кұрмет ет. Атанды әкедей көріп, ененді анам деп айт.
Күйеуіңнің сырын сақтай біл. Сенімен өз ойын бөлісіп, соны сыр сақтауды өтінсе, сырын адам баласына айтушы болма.
Күйеуіңнің дінге қатысты айтқан әрбір сөзіне құлақ сал. Дін құлшылығын құлшыныспен орында, жалқаулық танытушы болма.
материал «Неке кітапшасы» кітабынан алынды,
ummet.kz