Ер адамдар қандай əйелді мінсіз санайтынын білу үшін олардың көзімен қарау керек. «Əйел сөйтсе сүйкімді болады» деген түрлі стереотиптерден арылу керек.
Өйткені ер адамдардың нені қалайтынын біз біле алмаймыз, олар басқаша ойлайды.
Əйелдердің өз арасында сүйсінтетін қасиеттері ер адамдарды қызықтырмауы мүмкін. Керісінше əйелдер бір-бірінде онша мəн бермейтін қасиеттер ер жігіттердің есін алуы ғажап емес. Кейде сырт келбетімізбен «алысып», оған бар уақытымызды жұмсаймыз.
Орта жасқа келгенде əжіміміз бен артық салмағымыз шошытады. Əдемілігімізбен бірге күйеулеріміздің махаббатынан да айрыламыз деп қорқамыз. Əйелді күйеуіне сүйкімді етіп көрсететін тек сырт келбет емес екенін білсек қой!
Сырт келбет маңызды, алайда сіз ойлағандай деңгейде емес. Əйел күйеуіне сыртқы əдеміліктен де жоғарырақ дүниелерді ұсына алу керек. Сенбесеңіз күйеулерінен айрылған небір сылқым сұлуларды еске түсіріп көріңіз. Өзімізше тартымды емес санайтын əйелдердің күйеулері оларға неге сонша адалдық танытатыны туралы ойланыңыз.
Ал мен сіздерге ер-азаматтар қандай əйелді мінсіз санайтыны туралы айтып беруге тырысайын. Сіздер жігіттердің талғамы əртүрлі ғой. Біріне сабырлы, тыныштықты жақсы көретін əйел керек, енді бірі ашық, ақкөңіл қызды ұнатады дерсіз. Рас, десек те олардың бəріне ортақ тартымды көрсететін қасиеттер бар. Мінсіз əйелдің бойынан біз сол қасиеттерді іздейміз.
Періштелік жəне адами:
Жігіттердің ойынша əйелдің екі сипаты бар. Бірі – оның рухани қасиеттері, біз оны періштелік сипаты деп атаймыз. Екіншісі адами мінездері, оны адами сипаты дейміз.
Періштелік сипаты:
- Жігітті қалай бар, солай қабылдайды;
- Ішкі əлемі бақытқа толы;
- Көркем мінезді;
- Үй шаруасының шебері.
Адами сипаты:
- Биязы, жұмсақ, нəзік;
- Бақыт шашып тұрады;
- Сырт келбеті, жүріс-тұрысы, сөзі əдемі;
- Балаң, балалық қылық тəн.
материал «Сүйікті әйел болудың құпиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz