22
Жұма,
Қараша

һижри

Әйелінің қолдауы – ер адам үшін үлкен мотивация

Әйелінің қолдауы – ер адам үшін үлкен мотивация

Исламдағы отбасы
Жарнама

Басқа түскен қиындыққа сынақ деп қараудан гөрі мүмкіндік деп қабылдаған жөн. Егер сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана алсаң – Алланың сыйы күтеді. Ал өтпесең одан да қиынына тап болуың мүмкін. Мұндайда өмірге налығаннан пайда жоқ. Бұл арқылы Жаратушы нені ұқтырғысы келеді? Соны ой елегінен өткізу керек.

Генри қарапайым механик кезінде бағасы қолжетімді әрі қуатты двигатель жасап шығаруды қарастырады. Сол үшін күні-түні қараңғы суық сарайында жұмыс істеген. Әйелі Клара болса қолының тоңғанына қарамастан шам ұстап, түнімен жарық түсіріп тұрған екен. Дайын болып қалғанда 80 келілік двигательді үй кіргізіп қостырады, әйелі Клара пісіруге салған бәліш алып, ас бөлмені босатып берсе керек. Өнертабыс сәтсіз шығып, асханасы өртеніп кеткен екен. Мұнымен тоқтап қалмай Генри Форд сол двигательді сәтті жасап шығады. Кейін миллионер атанған одан келесі өміріңізде кім болар едіңіз деп сұрағанда «Кім болсам да бәрібір, тек әйелім – Клара болса болды», - деген екен.

Бақытты отбасын құру үшін еркек пен әйел, қандай жағдай болмасын, бір-бірін түсініп, қолдап, әрдайым бірге шешім қабылдап, жұдырықтай жұмылса керек. Әрқайсысы «мен» деп бөлінбейтін, «біз» деп біріккен ерлі-зайыптылар ғана берекелі, бақуатты өмір сүреді, қиындықты оңай еңсереді.

материал «Қымбат әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: