02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бір нәрсеге байланысты талақ антын ішу «еркектiк» қасиет емес

Бір нәрсеге байланысты талақ антын ішу «еркектiк» қасиет емес

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Бір нәрсеге байланған талақ» – ердің «егер төркініңе барсаң, талақсың» деуі сияқты белгілі шартқа байланған немесе «егер пәленше келсе, сен талақсың» деуі сияқты, бірер оқиғаға байланған немесе «рамазан айы келсе, сен талақсың» деуі сияқты белгiлi уақытқа байланған талақ.

Әрине, мұнда олардың барлығын тiзбектеп айту мүмкiн емес. Бiрақ әлдебiр істі жасау немесе төркініне бару сияқты арзан себептерге бола әйелімен келіспей қалған сайын, өзінің еркектігіне қоқиланып, әлгiндей өзi қаламаған iске тыйым салуға шамасы жететінін ескертіп қою үшін осы талақ түрін пайдаланатын ерлердің ойланғандары абзал. Бір нәрсеге байланған талақты қайталай берудің еркектiң өзiне немесе әйеліне, отбасына залалынан өзге еш пайдасы жоқ. Адам баласы ата-анасын қалай тастайды? Сондықтан осындай талақпен әйелінің төркініне баруына тыйым салуы саналы адамның әрекетіне жатпас еді. Ендеше, өте қажетті себептер болмаса, мұндайды да жеңіл қолдануға болмайды.

Бір нәрсеге байланысты талақ антын ішу «еркектiк» қасиет емес. Нағыз ер-азамат отбасында туындаған түйiткiлдi ақылға жүгiніп шешеді. Өйткені асығыстықтың ақыры өкінішке ұрындырады. Көптеген адамдар асығыстықпен бір іске орай, талаққа ант ішіп қояды да, соңынан өкініп қалады. Ал бұл «бір нәрсеге байланған талақтың» үкіміне келсек: осы байланған іс орын алғанда талақ түседі. Мысалы, әйеліне «егер шешеңмен сөйлессең, сен талақсың» деген болса, әйел бір ауыз болса да, шешесімен сөйлесіп қойса, талақ іске асады.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: