11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Баланың ата-ана алдындағы әдебі

Баланың ата-ана алдындағы әдебі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Баланың ата-ана алдындағы әдебі келесідегідей:

  1. Сөздеріне құлақ салу.
  2. Олар тұрғанда тұру.
  3. Тапсырған нәрселерін істеу.
  4. Олардың алдында жүрмеу.
  5. Даусын олардың дауыстарынан қатты шығармау.
  6. Шақырғанда «ләббәйк» деп бару.
  7. Олардың разылықтарын алуға ыждағаттылық таныту.
  8. Оларға қанат жаю.
  9. Оларға қандай да бір жақсылық жасағанда немесе тапсырмаларын орындағанда міндетсінбеу.
  10. Оларға көздің астымен қарамау.
  11. Оларға қабақ шытып қарамау.
  12. Олардың рұқсатынсыз сапар шекпеу.1
  13. Оларды ашуландырмау. 

"Ата-ананың ризалығы - Алланың ризалығы" делінген. Ал ол екеуінің ашуы - Алланың ашуы екенін перзент білуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай деген:

«Үш адам пейішке кірмейді, олар: ата-анасын ренжіткен адам; әйелін қызғанбайтын дәюс және еркекке ұқсағысы келетін әйел».

Басқа бір хадисте Алла елшісі ата-ананы ренжітуді үлкен күнәлар қатарына жатқызады. Одан (с.а.у.) үлкен күнәлар жайында сұрағанда, Ол (с.а.у.) былай дейді: «Аллаға серік қосу. Адам өлтіру. Ата-ананы ренжіту»2.

Ата-ананы ренжітуге:

  1. Айтқандарын істемеу,
  2. Дауыс көтеру.
  3. Сөгу.
  4. Ұрсу.
  5. Бір нәрсе бұйырса кею.
  6. Үфф деу.
  7. Дөрекілік көрсету.
  8. Оларға бұйырып, қызмет етулерін талап ету.
  9. т.б. ата-ананың көңілін түсіріп, ренжітер барлық әбес істер жатады. 

1  Имам Ғазали: «Бидаятуль Һидая».
2  Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: