27
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жаңа туған нәрестенің есімін жетінші күннен кешіктіріп қойса бола ма?

Жаңа туған нәрестенің есімін жетінші күннен кешіктіріп қойса бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жаңа туған балаға ат қою рәсімін туғанына жетінші күн толғанда орындаған абзалырақ. Үкімі мұстахаб.

Хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) баланың жетінші күні есімі қойылып, шашы алынып және ақиқа құрбанын шалуды бұйырды» - делінеді. (Имам Тирмизи, «Сүнән»).

Десе де бұл шартты түрде емес. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) аталмыш хадисі «мұстахаб» үкімін білдіреді. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұлы Ибраһим дүниеге келгенде, есімін сол күні қойғандығы риуаяттарда келтірілген.

Сондықтан да, баланың есімін жетінші күні қоюға үлгермейтін кісі, одан кешірек уақыттарда қойса да болады. Мәселен, деректерге қарағанда, балаға арнап шалынатын ақиқа құрбанын жетінші күні шалып үлгермейтін кісі, 14 күні шалсын, ол күні де үлгермесе 21 күні шалсын делінген. Осыған сай баланың есімін қою рәсімін де 7 күні орындай алмаған кісі, 14 күніне қалдырса болады. Ол күні де үлгере алмаса, 21 күніне қалдырса болады. Бір жағдайлармен ол күннен де кешіктіріп қойып жатса, күнәсі жоқ. Бірақ жоғарыда айтылғанда балаға есімді жетінші күні қойған абзалырақ.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: