«Құдай», «Құдай» деген сөздің түпнұсқасы арабшадағы – «Һүдәи», «Һүдәи» болса керек. Олай болған жағдайда мағынасы: «тәңірлік», «тәңірберген», «құдайға тән» деген ұғымдарға саяды.
Тарихта Азиз Махмұд Һудәи есімді үлкен әулие кісі өткен (1541-1628 ж.). Негізгі есімі «Махмұд» еді. Кейіннен рухани ұстазы оған «Һудәи» деген есім береді. Артынан жұрт парасаттылығына қарап «Азиз» деген ат тағады. Содан «Азиз Махмұд Һудаи» болып аталып кеткен.
Ендеше, біздің пікірімізше еліміздің кейбір өңірлерінде баланы жақсы көргенде қолданатын «Құдай, Құдай» сөзі – "Жаратушы Құдай Тағала" деген мағынада емес, «Құдай берген» деген мағынада «Құдаи» дегендік. Балаға ондай мағынада олай айту күпірлік емес. Дегенмен көпшілік ол сөздің тілдік ерекшелігін түсіне бермейтіндіктен, сөгіске қалмас үшін олай айту әдеті жоқ аймақтарда қолданбаған абзалырақ дер едім. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға аян!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz