10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Қыз бала ағаның ақылына, əкенің сесіне мұқтаж

Қыз бала ағаның ақылына, əкенің сесіне мұқтаж

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қыз бала біреудің еркелетуіне, қолдауына мұқтаж болып жүреді. Міне, дəл сондай уақытта, қыздың дəл бір ер адамның қамқорлығын қажет ететін кезінде біз оларды оқуға, жұмысқа, анда-мында деп алысқа жіберіп аламыз.

Сөйтеміз де, ақырын-ақырын олармен қарымқатынасымыз сиреп, нəтижесінде əлгі қызымыз көлденең көк аттымен қол ұстасып кете барғанын байқамай қаламыз. Былайша айтқанда, оларға сол "витамин" жетіспей жатыр. Сондықтан да олар əр жігітпен бір сөйлесіп, соның орнын толтырып жатыр. «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті» дегендей ғой. Мысалы, менің төрт қызым бар. Мен төртеуін киноға апарамын, паркта қыдыртамын. Кейде гүл алып беріп, күлдіртіп, кейде əкелік мысымды көрсетіп ұрсып та аламын. Ақылмен айтып, сөзіммен нұсқап, барынша түсіндіріп жүрмін. Сондықтан қызыңыз ағасының ақылына, əкесінің сесіне мұқтаж болып қалған кезде оған сол дəруменді дер кезінде бере алмай, қапыда қалып жүрмеңіз»

Иə, қыз бала — ағасының намысы, əкесінің үміті. Олар — өте əлсіз жəне тез еліктегіш халық. Сондықтан ер адам ретінде оған бағыт-бағдар, жол көрсетіп, ақылыңызбен, ісіңізбен тоқтау салып, бақылап отыру — сіздің міндетіңіз, құрметті аға, асқар тау əке!

материал «Әй, қызым» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: