19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Үйлену – тұрақтылық үшін емес, үйлену – тұрақтылар үшін

Үйлену – тұрақтылық үшін емес, үйлену – тұрақтылар үшін

Исламдағы отбасы
Жарнама

Хадистердің бірінде қиямет күні адам өз өмірін қалай өткізгені жайлы сұралмайынша, пенде қадам басып алға жылжи алмайтындығы айтылған. Сізден тек өміріңізді, уақытыңызды қайта жұмсағаныңыз сұралмайды!

Құлдырауы мен құлазуына сіз себепші болған талай өмірдің, талай тағдырдың жайы да сізден сұралатын болады! Жүрегіңмен емес, тіліңмен ғана, көңіліңмен емес, көзіңмен ғана айтқан «сені сүйемін», «сені ғана жақсы көремін» деген сөздерің үшін... Соңына дейін бару үшін емес, құлықсыз жай ғана уақыт өткізу үшін біреумен қол ұстасып жүргендігің үшін... Қазірше ұстай тұрайын, кейін тастап кетем ғой деп ұстаған қолдарың үшін... Саған сенбей, қобалжып өткізген өзгелердің күндері мен сенен көңілі қалып, жылаумен өткен өзгелердің түндері үшін... Жай ғана көңіл көтеру үшін сенің бос, бөспе уәделеріңмен бекер өткен өзгелердің уақыты үшін... Өзгенің көңіліне өзің жағып, өзің өз қолыңмен, іс-әрекетіңмен сөндірген әрбір сенім ұшқыны үшін сұраласың! Бәріне жауапты боласың! «Һәм мұны болмашы әрі жеңіл-желпі нәрсе деп ойладыңдар. Алайда ол Алланың алдында зор күнә саналады». (Нұр: 15-аят).

Егер сен сол қызға үйленбейтініңді біле тұра, әншейін, ішім пыспасын деп сөйлесіп жүрген болсаң, онда басқа бауырыңның болашақ әйелін жайына қалдыр!
Өзіңді кішкентай балаша емес, еркек қылып ұста. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) үлгі-өнеге ал. Қарапайым бол, өз жүрегіңді таза ұста. Бос уақытыңда бірге болашақ көруді қаламайтын қыздармен сөйлескенше, одан да, Алланы еске ал! Егер де саған біреу бір нәрсе айтса, саған сеніп, бір затты аманат етсе, онда оны өзіңнің ішіңде қалдыр да, басқа ешкімге айтпа! Жаратушыңның алдында деген ұятың қайда? Өсек айту мен жаман сөзді қой! Өз отбасың мен достарыңның арасында өзін кішкентай бала сияқты ұстайтын сайқымазақ емес, үлгі бола біл. Үйлену – тұрақтылық үшін емес, үйлену – тұрақтылар үшін...!

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: