10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Дінде баланы жоспарлап көтеруге рұқсат па?

Дінде баланы жоспарлап көтеруге рұқсат па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жоспарлы жүктілік – құдай қанша берсе сонша бала дүниеге әкелем деп емес, есеппен көтеру дегенді білдіреді. Мұның дінге қайшылығы бар ма?

Мынаны білгеніміз жөн, үйленіп, дүниеге перзент әкелу ісі әркімнің түйсігіндегі табиғи құбылыс болғандықтан, дініміз бала дүниеге әкелу ісін міндеттемей, ерлі-зайыптылардың еркіне қалдырған. Бірақ «үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің көптігімен мақтанамын» дей келе, үйленіп, ұрпақ көбейтуді ұнамды санаған.

Ендеше, дінімізде ұрпақ сүю әр ата-ананың өз қалауындағы дүние болғандықтан, баланы жоспарлап көтеру де күнә саналмайды. Қанша бала дүниеге әкелем десе де, ата-ананың өз еркі. Сол себепті де, Ислам дінінде «жүктіліктің алдын алу тәсілдерін» қолдану ісі күнә саналмаған. Мысалы, ұлы сөздің ұяттығы жоқ, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) заманында кей сахабалар жүктілікті болдырмас үшін, қатынас кезінде ұрықты жатырға жібермей сыртқа ағызатын, мұны «ъазл» дейді. Алла елшісі (с.а.у.) оларды бұл істен тыймаған. Осыдан да келіп, баланы есеппен көтерудің күнәсі жоқ екендігін ұғынамыз.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: