10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Баламды қайта тəрбиелеу мүмкіндігім болғанда…

Баламды қайта тəрбиелеу мүмкіндігім болғанда…

Исламдағы отбасы
Жарнама

Баламды қайта тəрбиелеу мүмкіндігім болғанда, оған сұқ саусағымды кезеп əр нəрседен бір тыюдың орнына саусақтарымен ұстап сурет салуды үйретер едім.

Қателерін неғұрлым азырақ түзетіп, оған барынша жақын болуға тырысар едім.

Оны көз қиығыммен ғана байқап, көбірек мейірімділік көрсетер едім.

Оны көбірек қыдыртуға алып шығар едім.

Оның алдында байсалды болмай-ақ, онымен балаша ойнар едім.

Онымен қырда асыр сап, жұлдыздарды тамашалар едім.

Онымен мейлінше аз ұрсысып, құшағыма қаттырақ қысар едім. Алдымен өзін сыйлауды үйретер едім.

Оған ылғи да қатал болмай-ақ, оны көбінесе қолдап, жігерлендіріп отырар едім.

Күштегеннен гөрі кішіпейілділік таныта отырып көп нəрсе үйретер едім...

материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: