11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарияларға деген шынайы құрметтің көрінісі

Қарияларға деген шынайы құрметтің көрінісі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қарияларға деген шынайы құрметтің бір көрінісі – олардың айтқан ақпараттарын түзетуге тырыспау.

Оларға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігін беру арқылы олардың маңызды екенін сезіндіріңіз.

Олардың жанында өткізген уақытыңызды ерекше бағалайтыныңызды білдіріп, шынайы ризашылығыңызды айтыңыз.

Олардың ескі әңгімелері мен өткен шақтағы естеліктері туралы сұрақтар қойып, жадысын жандандыруға көмектесіңіз.

Оларға сізбен бірге уақыт өткізу ауыр міндет емес, керісінше, сіз үшін құнды, ерекше сәттер екенін түсіндіріңіз. Сол арқылы олардың өздерін қадірлі және сыйлы сезінуіне жағдай жасаңыз.

Есіңде болсын, өмірде жақсы тәжірибеге қол жеткізу үшін сен тек ізгі, білімді және дана адамдармен араласуың керек. Даналар қашан және қалай сөйлеу керектігін, қашан және қалай үнсіз қалу қажеттігін жақсы біледі.

Олардың әрбір сөзінде терең мағына, ал үнсіздігінде үлкен ғибрат жатыр. Сондықтан осындай адамдармен әңгімелесуге көбірек уақыт бөлгенің жөн.

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: