11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неке – кез келген сынаққа қарсы тұрушы көмекші

Неке – кез келген сынаққа қарсы тұрушы көмекші

Исламдағы отбасы
Жарнама

Неке – адам баласының әр ісін адалдаушы амалы. Өмірдегі кез келген сынаққа қарсы тұрушы көмекшісі. ⠀

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Ей жастар қауымы! Кімнің мүмкіндігі жетсе дереу үйленсін. Себебі үйлену көзді харамнан, абыройды жойылудан ең жақсы қорғайтын нәрсе».

Көбісі некеден қорқады. Баламды асырай алмай қалам, ата-енем жаман болса, күйеуім(әйелім) мен ойлағандай болмай қалса? Жо-жоқ. Сіз қандайсыз жарыңызда сондай. Сіз өз әке-анаңызды құрметтегеніңіздей жарыңыздың әке-анасын құрметтесеңіз сізді ешкім жатсынбайды. Мейірім, құрмет, бауырмалдылық деген қасиеттерді сіңіріп барып некеге дайындалыңыз.

Бала ер жетіп, қыз балиғатқа толған уақытта әрбір ата-ананың «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз екендігі Құран аяттарында баяндалады. «Араларыңдағы бойдақ (ер жеткен ұл-қыздарды) үйлендіріңдер! Егер олар пақыр кедей болса, Алла оларды өз кеңшілігімен байытады. Алла Тағала аса кеңшілік иесі, толық білуші» ⠀

Үйлену дегеніміз тек қосыла салу ғана емес. Қасында тынығып, дүние тіршілігінің рахатын табатын, өмірдің қызығы мен қиыншылығын бөлісетін ұя құру. Мұндай ұя тек неке қиюмен және үйленетін адамыңды дұрыс таңдаумен келері хақ. Некенің сауабы туралы аят-хадис келтірейін, ойларыңыз өзгерер: ⠀ «Жақсы әйелдер, Аллаға мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды.

Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Алланың көмегімен қорғайды.» («Ниса», 34)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауапжазылады.» «Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу таъала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» ⠀

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» ⠀ «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.»

Осылай, осынша керемет дәлелдерден кейін некеге асықпасаңыз білмеймін ал.

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: