11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ел не дейді?» ұғымының бала тәрбиесіне кері әсері

«Ел не дейді?» ұғымының бала тәрбиесіне кері әсері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бала кезінде өзі «ел не дейді?» деген қысыммен өскен ата-ана балалы болған кезде өз баласын да «ел не дейді?», «басқалар жаман ойлап қалмасын» деген қорқынышпен өсіреді.

Мұндай комплексі бар ата-аналар кішкентай балаларының балалығын көтере алмайды және елден сөз естімеу үшін баланы жасына сай келмейтін нәрселерге күштейді (мысалы: горшокқа ерте үйрету). Жасөспірімдердің жасына сай таңдаған өмір стилін қабылдауда қиналады.

Бұндай ата-ана өте көп орынсыз шектеулер қояды. «Дұрыстап тұр», «түзу отыр», «киіміңді дұрыстап ки» секілді бітпейтін сын мен ескертулер айта беретінін өзі де көбіне байқамай қалады. Өзіңізге сын айтылғанын ұнатпайтыныңыз секілді, бала да дәл солай ұнатпайды.

Біздің ата-аналар елдің сөзіне қалмау үшін баласының «тәртіпті бала» болғанын қалайды. Негізінде, жасөспірімдер басқалардың ойы мен сөзінен қорқып түзелгенінен гөрі, өзі болып, өзіне тән өмірін сүре алуы маңызды. Ата-ана ретінде біз сол еркін ортаны дайындауымыз қажет.

Баланы кішкентайынан «ел не дер екен?» деген ішкі дауыспен өсіру оны өмір бойы өзі болып өмір сүру мүмкіндігінен айырады, «басқалар не дер екен?», «не ойлап қалар екен?» деп өмір сүруге итермелейді.

«Ел не дейді?» деп жүріп, «Алла не дер екен?» дегенді ұмыта бастадық.

материал «Бала тәрбиесіндегі лайфхактар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: