18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қызымызды тұрмысқа бергенмен, жан дүниесін тұрмысқа бермейміз

Қызымызды тұрмысқа бергенмен, жан дүниесін тұрмысқа бермейміз

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қызы Зейнептің сәбиі ауырып, хәл үстінде жатып қалады. Ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с) адам жібереді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Алары да, берері де – Алланікі! Оның құзырында бәрінің өз өлшемі бар.

– Сабыр ет, сауап күт! - деп айтып жібереді.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) екінші рет адам жіберген кезде бір топ сахабасымен барады. Баланы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) береді. Қиналып, демі үзіліп барады екен.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) екі көзінен жас төгіле бастайды.

– Не болды, Алла Елшісі? - деп Сағд ибн Убәдә сұрағанда:

– Бұл – Алла пенделерінің жүрегіне салған рахмет. Алла мейірімді пенделерін мейіріміне бөлейді, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Әке – сүйеніш. Қыз тұрмысқа шығып, бала-шағалы болып кетсе де әкенің ешкім баса алмайтын өз орны бар.

Қыздарыңа тұрмысқа шыққан соң да барып, хәл-жағдайын сұрап, қуанышты жағдайларда қуанышын бөлісіп тұрыңдар.

Қиын кезде жалғыз тастамаңдар. Оның жүрегіне бұл нәрсе ауыр батады. Қыз кішкентей күнінде әкесінің дауысын есітіп тынышталса, үлкейгенде де сол дауыстан тынышталады. Біз қызымызды тұрмысқа бергенмен, оның жан дүниесін тұрмысқа бермейміз.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: