11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неке тойының шариғатқа сай өтуінің артықшылықтары

Неке тойының шариғатқа сай өтуінің артықшылықтары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шариғатта некені жария ету және ізгі мақсатта той өткізу - құпталған амалдарға жатады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйленгенде қарапайым той өткізіп, үмбетіне үлгі көрсеткен. Ол өткізген тойлар заманға сай, қарапайым әрі шариғатқа сәйкес болған.

Неке тойының шариғатқа сай өтуінің артықшылықтары:

1.Некені жария ету – Құда түсу рәсімінен аздаған адамдар хабардар болатындықтан, неке тойы арқылы неке қалың жұртшылыққа жария етіледі.

2.Қуаныш сыйлау – Қалыңдық пен күйеу және олардың жақындарына қуанышқа бөленуге мүмкіндік береді.

3.Әлеуметтік байланысты нығайту – Бауырмалдық пен мейірімділікті арттырып, қоғамдағы достықты нығайтады.

4.Қоғамдық теңдікті сақтау – Кедейлер мен мұқтаждарды шақыру арқылы әлеуметтік теңдікті қолдайды. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Тағамның ең жаманы – байлар шақырылып, кедейлер ескерілмеген неке қонақасы тағамы. Кім шақыруды қабыл етпесе, Алла мен Оның Елшісіне қарсы шыққан болады» (үш хадисші риуаят еткен). Исламда неке тойының басты мақсаты – мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қуаныш сыйлау. Шақырылатын адамдарды дұрыс таңдап, тойды қайырымдылыққа жақындатып өткізу арқылы шариғаттың мақсаттарына сай әрекет ету маңызды.

материал «Ысырап индикаторы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: