18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үйіңнің құпиясын сақтау – шариғат талап ететін нәрсе

Үйіңнің құпиясын сақтау – шариғат талап ететін нәрсе

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйел табиғатынан күйеуінің өзіне құрметпен қарағанын қалайды және сол құрметті оның махаббатының басты белгісі деп қабылдайды.

Әйел жомарт күйеуді жақсы көреді,алсараңдықты ұнатпайды. Кейбір отбасыларда ерлі-зайыптылар бақытты болу үшін барын салып тырысса да, жасаған қателіктері сол еңбектерін зая кетіреді.

Құрметті әйел! Үйіңнің құпиялары саған сеніп тапсырылған аманат екенін ұмытпа. Ол құпияларды сақтау – сенің міндетің. Егер сен осы аманатты елемей, өзгелерге жайып салсаң, бұл күйеуіңнің саған деген сенімін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Үйіңнің құпияларын ешқашан көңіліңді босатып айту тақырыбына айналдырма. Сен өзің сыр сақтай алмаған нәрсені досың да сақтайды деп ойлама! Үйіңнің құпиясын сақтау – шариғат талап ететін нәрсе. Оны қорғау арқылы сен Аллаға құлшылық етесің.

Құрметті ізгі әйелге тағы бір кеңес: Күйеуіңе өз ата-анаңның кемшіліктерін айтпа. Кейбір әйелдер тұрмыс құрған соң, ата-аналарының кемшіліктерін айтып, олардың бейнесін теріс етіп көрсетіп қояды. Бұл әрекет сенің өз құндылығыңды күйеуіңнің алдында төмендетіп, оның саған деген құрметін азайтуы мүмкін. Ата-анаңның қадірін түсірмей, керісінше, олардың жақсылықтары мен даналығын айтып, абыройын көтер. Кемшіліктерін жасырып, оларды жақсы қырынан көрсетуге тырыс. Нәтижесі: Егер бір күні сендер арасында келіспеушілік орын алса, күйеуің ата-анаңның қателіктерін бетіңе басуы мүмкін. Сондықтан, отбасыңда ата-анаңның беделін сақтап, олардың абыройын қорғауды ұмытпа. Бұл өзіңнің де қадіріңді арттырады.

материал «Бақытты әйелдің сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: