Достарыңа дастархан жаю – жаксы істердің бірі. Жатфар ибн Мухаммед (р.а.): «Достарыңызбен дастархан басында отырғанда отырысты ұзартыңдар. Өйткені бұндай отырыс Алланың, құзырында есебін бермейтін өміріңіздің бір бөлшегі», - деген.
Хасан әл- Басри: «Адам өзіне, отбасы мүшелеріне, ата-анасына берген тамақтан жауапты. Қайдан алғанына есебін береді. Тек достарына берген тағамға деген жауапкершіліктен босатылған. Алла Тағала оны (қайдан келгенін) сұраудан ұялады», - деген.
Бұл тақырыпқа қатысты хадистер: «Сендердің қайсыбіріңнің дастарханы қонақтың алдына жайылған кезде періштелер сол адам үшін иститфар тілейді», - деген.
Хорасандық ғалымдардың, арасындағы бір кісі қонақтарының алдына жеп тауыса алмайтындай мол тамақ қоятын. Бұлай жасауының себебін сұрағанда, ол: «Бауырлары жеп, олардан артылған тамақты жеген адамнан тамақтың есебі сұралмайды» деген хадисті айтып, «Сондықтан мен артылған тамақты жеп, мойнымнан жауапкершілікті түсіру үшін конағыма артығымен алып келемін» - дейтін.
Тағы бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Адам – достарымен жеген тамақтан жауапқа тартылмайды», - деген. Тіпті кейбір кісілер осы себептен жамағатпен отырғанда көп тамақ ішкен. Тағы бір хадисте: «Құл үш тамақ, үшін жауапқа тартылмайды. Сәресі, ауызашар және достарымен жеген тамағы» - делінген.
Әли (р.а.): «Бір сағат мөлшеріндегі тамақты достарыммен бірге жеу – мен үшін құл азат еткеннен артық», - дейтін.
Абдулла ибн Омар: «Дастарханда адал астың болуы жане жолдастарыңа ұсыну – адамның абыройы мен мәрттігінен», - деген.
Сахабалар: «Бір дастархан басына жиналу – көркем мінезден» - дейтін. Олар Құран оқу үшін бір жерге жиналып, артынан бір нәрсенің дәмін татпай, яғни жеңіл бір нәрсе жемей қайтпайтын. Кейбір достардың осылай шынайы сезіммен тамақтану үшін бас косуы – дүниелік емес, ақыреттік іс деген сез бар. Сондай-ақ, бір хадисте былай делінген:
Қиямет куні Алла Тағала құлына:
- Уа, Адам баласы! Мен аш едім, маған тамақ бермедің, - дейді. Әлгі адам: Сен әлемдердің Раббысы Алласын ғой. Мен сені калай тамақтандырамын? - дейді. Сонда Алла Тағала:
- Аш калған бір бауырың саған келгенде, сен оны тамақтандырмадың. Егер оны тамақтандырғаныңда, мені тамақтандырғанмен бірдей болар едің, - дейді.
Тағы бірде Алла елшісі (с.а.с.): «Сендерге бір адам қонақ болып келсе, оған құрмет көрсетіндер», - деген.
«Жұмақта сыртынан іші, ішінен сырты көрінетін сарайлар болады. Олар тәтті және жұмсақ сөйлеген, өзгелерді тамақтандырған және адамдар ұйкыда жатқанда намаз окыған адамдарға арналған», - деген.
материал Имам Ғазалидің «Тамақтану әдебі» кітабынан алынды,
ummet.kz