21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Қанша жұмысың болса да, отбасыңа көңіл бөлуге уақыт тап

Қанша жұмысың болса да, отбасыңа көңіл бөлуге уақыт тап

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамызбен әзілдесіп:

– Бері кел, иә, Айша! Жарысасың ба? - деп жүгіре жөнеледі.

Ол кезде Айша анамыз жас әрі жеңіл еді. Пайғамбарымызды (с.ғ.с) артқа тастап кетеді. Күндер өтіп тағы бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамызды тағы да жарысуға шақырады, алайда бұл жолы Айша толысып, салмағы алдыңғыдан артқандықтан жарыста қалып қояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған күліп қарап:

– Мынау – алдыңғысы үшін, - дейді әзілдеп.

Қанша жұмысың көп болса да әзілге, әйеліңе, отбасыңа көңіл бөлуге уақыт тап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – пайғамбар, ел басшысы бола тұра, отбасындағыларға көңіл бөліп, керек кезде ойнай да білген. Мейірім, сүйіспеншілік, көңіл бөлуі жоқ өмірдің не құндылығы бар? «Мә!» деп бере салған ақшаң оның орынын баса алмайды.

Мазарға ұқсап, ішіндегілері бір-бірімен сөйлеспейтін, араласпайтын зәулім сарайдай үйде не жылулық бар? «Отопление» ғана ма? Өмір жолын тек сүйіспеншілік, жақсы қарым-қатынас қана жеңілдете алады.

Дені дұрыс адамдар – бала кезінде мейірімге қанып, тойып өскен адамдар.

Үйлеріңде кейін өздерің қорқып-үркіп жүретін жыртқыш зомбиларды тәрбиелемеңдер!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: