21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлемдегі ең ғазиз ана болғаныңыз үшін рақмет, анашым!

Әлемдегі ең ғазиз ана болғаныңыз үшін рақмет, анашым!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сүйікті анашым!

Іште жатқан күнімнен бастап менімен жолдас болып сөйлескеніңіз үшін,

«Сен өмірге келген күн – өмірімнің ең бір есте қаларлық тамаша күні» дегеніңіз үшін,

Кіш етіп қойсам, астымды құрғатып таза ұстағаныңыз үшін,

Мені қатты құшақтап сүйгендігіңіз үшін,

Маған сан мың рет қайталап «Ана» деген сөзді үйреткеніңіз үшін,

Жеңімен сүрте салмасын деп, орамал алып артымнан жүгіргеніңіз үшін,

Ылғи да: «Неге? Неге? Неге?.» деп сұрауыма қабақ шытпағаныңыз үшін,

Сахнада рөл ойнап тұрып, сөзімді ұмытып қалғанымда көрермендер арасынан сыбырлап есіме түсіргеніңіз үшін,

Маған бір жағы жылы жүзді дос бола білгеніңіз үшін,

Маған сенгендігіңіз үшін, Өзіңізге ерекше жақын ұстағаныңыз үшін,

Ауырып қалғанымда таңға кірпік ілмей қасымда болғандығыңыз үшін,

Менімен бірге күліп, бірге жылағаныңыз үшін,

«Мен сені жақсы көремін ғой, күнім» дегеніңіз үшін,

Менің теріс қылықтарымды көргенде: «Əй, саған айтпап па едім?!» деген сөз келсе де тіл тістеп, үндемегендігіңіз үшін,

Білімдінің жерде қалмайтынын ерте бастан түсіндіргеніңіз үшін,

Қай кезде де қасымнан табыла білгендігіңіз үшін,

Еңбекқор қылып тəрбиелегендігіңіз үшін,

Өміріңіздің ең қимас сəттерін маған арнағандығыңыз үшін,

Менің сүйікті де, сүйкімді анам болғандығыңыз үшін,

Əлемдегі ана біткеннің ең ғазизі болғандығыңыз үшін алдыңызда басымды иіп, үлкен рақмет айтқым келеді. Сізге үлкен рақмет!!!

материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: