05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Отбасында жасалатын зікірдің түрлері

Отбасында жасалатын зікірдің түрлері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасында жасалатын зікірдің түрлеріне тоқталайық:

Құран оқу

Құран оқу зікірдің ең абзал әрі ең тиімді түріне жатады. Адам өз өмірінде негізгі дұшпаны саналатын шайтанмен күн сайын емес-ау, сәт сайын кезігеді. Сол себептн нәпсісі оның алдауы мен ар-бауының ықпалына еріп кетпеуі үшін, күн сайын имандарын күшейтіп отыратындай көлемде Құран аяттарын оқып жүрулері отбасы мүшелерінен талап етіледі. Олар шаңырақтарының аясында жиналып Құран аяттарын оқиды, оның мағыналарына ой жүгіртіп, өздеріне үгіт-насихат алады. Құранның әсерімен Раббыларымен байланыстары күшейеді, тіпті түн ортасында намазға тұратын болады. Шындығында, әр іске қозғау салушы болады, ал ең керемет амалдарды жүзеге асыруға бастаушы - құран ғана. Алла Тағала пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) және оған еліктеуді қалаған адамдар үшін былай дейді: «Түннің бір бөлімінде (ұйқыдан тұрып) оны (құранды) парыздан бөлек таһажжуд намазында оқы, Рабыңның сені мақтаулы мәртебеде тірілтуі үміт етіледі» («Исра» сүресі: 79). Бұған қатысты пайғамбарымыз да (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Түннің бір уақытында ер кісі отбасын ұйқыдан оятып, олар намаз оқыса, немесе бәрі бірігіп екі рәкат намаз оқыса, Алланы еске алатын ер кісілер мен әйел кісілердің қата-рына жазылады».

Алла Тағаладан кешірім сұрау

Алла Тағала күнәлары үшін кешірім сұрайтын адамның ырыс-несібесін арттырады, мұңдарын сейілтеді. Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл жайында былай деген: «Кім Алладан үнемі кешірім сұрайтын болса, Алла оған кез келген қиын жағдайдан жол табуына сәттілік тудырады, кез келген қайғысын тарқатып жібереді және ойламаған жерден ризықтандырады» (Әбу Дәуд жеткізді).

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Егер сенен құлдарым Мен жайында сұраса, әрине, Мен - жақынмын, Маған жалбарынған кезінде құлымның жалынып тілеген дұғасына жауап беремін» («Бақара» сүресі: 186).

Дұғалар кез келген уақытта жасала берсе болады, алайда пайғамбарымыз (алайһи ассолату уа ас-салам) дұғалар үшін арнайы әрі маңызды уақыттарды білдіріп кеткен екен: «Азан мен қамат арасында жасалған дұға жауапсыз қалмайды», тағы бір хадисте былай дейді: Раббымыз әр түні түннің аяқталуына соңғы үшінші бөлігі қалған кезде аспан дүниесіне түсіп: «Маған жалбарынушы бар ма, тілегін орындайын? Менен сұраушы бар ма, сұрағанын берейін? Менен кешірім сұраушы бар ма, оны кешіре-йін?» - дейді. Тамақтанар алдында айтылатын дұға асты берекелі етеді. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) алдына ас қойылған кезде былай дейтін: «Аллаһым, берген ырысыңды бізге берекелі ет және бізді от азабынан сақтай гөр! Алланың атымен». Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Анасқа, Алла Тағала оған разы бол-сын, үйге кірерінде сәлем тілеп кіруін бұйырып былай дейді: «Әй, балақайым, үйіңе кір-ген кезде отбасыңа сәлем тіле, расында, сәлемің өзіңе де, отбасыңа да береке әкеле-ді» .

Сондай-ақ Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) таң намазынан кейін және ақшам намазының алдында Раббысын ынталы түрде еске алатын, бұл дұғалардың мәтіндеріне «Мұсылман қорғаны» атты кітапшадан кеңірек танысуларыңа болады.

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: